«Отбасымызбен кинодамыз!» Ақан Сатаевтың екі бірдей қызы мен бұрыңғы жары үлкен кинода!

Сообщить о проблеме с эфиром

Гүлдана Мұқан, тілші:

- Басыңызға тақия киіп, нәзік жандылардың ойын оқи алу қасиетіне ие болсаңыз, не істер едіңіз? Дәл біз бүгін келген жабық көрсетілімде осындай оқиғаға тап болған жігіттің бастан кешкенін баяндайды.

Ерлан Құлмұрзин мен Марйам Сатай! «Тақия» фильмінің басты кейіпкерлері. Драмалық комедия отбасылық құндылықтарды дәріптейді.

Марйам Сатай, актриса, каскадер:

  • Соңғы кездері сізді жиі премьералардан көреміз, сұраныстың артуының себебі неде?
  • Мені декреттегі жас ана деп қарамай-ақ түсірілім алаңына шақырып жатқаны мені қуантады.
  • «Женатый Холостяк» фильмінің түсірілімінде сіз қызыңызбен жүрдіңіз, тіпті емізіп жүрген сәттеріңіз болды. Ал, бұл жолы Иман жаңызда болды ма?
  • 0Иә Иман әрқашан менің жанымда жүр... Осы жолы мен анама алғысымды білдіргім келеді, себебі ол жоба бойы менің жанымда жүріп қолдау білдірді, қызымды бағып жүрді. Анашым рақмет, сізді жақсы көремін!

Түсірілім алаңында қызын бағып, қала берді фильмдегі анасының образын да сомдап жүрген – Назира Бақаева, яғни Марйамның туған шешесі. Оған қоса, лентада Марйамның әпкесі де арнайы шақырту алып. бой көрсеткен. Ол Әсел Сағатованың көмекшсінің образында.

Әсел Сағатова, актриса:

- Соңғы кездері сізді тек комедияларлдан ғана көреміз, басқа жанрда көрсету ойда жоқ па?

  • Менің жан дүниемнің де қалауы сол. Жаңаша киноларға ашпын десем де болады. Бірақ сұранысқа қарай, кинонарықтың талабына сай комерциялық жобаларға түсуге тура келеді.
  • Көп фильмдерге сізді басты рөлдерден көреміз, соған қарағанда жас актрисалар аз сияқты, бұған не себеп деп ойлайсыз?
  • Жас актрсалардың тапшылығына таланттардың аздығы емес, кинодағы әйел рөлінің аздығы себеп. Бізде әлі күнге дейін басты назарда ер азаматтар.

Кезекті комедияда сондай-ақ, кәсіби актерлардан бөлек блогерлар бой көрсеткен. Мәселен, желі жұлдары - Әнел Кенжебекова, Тамирис Жанғазинова және Dakentiy ретінде танымал Дамир Бейсенбаев бар.

Әнел Кенжебекова, блогер:

  • Қателеспесем бұл сенің алғашқы толықметрлі жобаң иә?
  • До этого енді сериалдарға түскенмін бірақ именно полнометражный иә бұл дебют деп айтсам болады.
  • Негізі актрисалық білімің бар ма?
  • Актрисалық білімім жоқ.
  • Соңғы кездері соған қарамастан блогерларды көбінесе толықметрларға шақырып жатады, қалай ойлайсыз бұл арнайы пиар қадам ба әле блогерлардың таланты ма?
  • Түрлері таныс, андай публичный адамдарды шақырып жатады ғой. Ол енді не секрет деген сияқты.

Олжас Әлжан, актер, тележүргізуші:

  • Олжас бүгінгі премьераға Египеттен прямой келіп отыр.
  • Демалып келдім, загардан байқап тұрған шығарсыздра?
  • Кезекті премьера, сіздің қандай қатысыңыз бар бұл фильмге?
  • Анда-санда түсіп тұру керек эпизодта. Қазір соңғы уақытта шүкір басты рөлдерді беріп жатыр. Бірақ эмпзодтарды да ұмытпаймыз.

NAZZARBECK, музыкант, композитор:

- «Тақия» фильмінің алғашқы көрермендерінің бірісіз, фильмнен қандай ой түйдіңіз?

  • Маған бір ұнағаны, жалпы тақия. Ұлттық құндылыққа мән берген. Бір өзінше бір ой тастағысы келген сценаристтер, режиссерлар.
  • Сізде де сондай тақия болса, қандай қасиетке ие болғыңыз келеді?
  • Жаңағындай сиқырлы тақия білмеймін қаламас едім. Осылай жүре бергенім дұрыс шығар.

Әнел Кенжебекова, блогер:

  • Білмеймін призрак болғым келеді деп па, күшті ғой кім не істеп жүргенін или ойларын да білген қатты бір қателеу сияқты.

Олжас Әлжан, актер, тележүргізуші:

  • Мен суперспособность дейді былайша айтқанда мен ұшуды жақсы көретінмін, супермен болып ұшып, аспандарды көріп, әдемі жерлерді көріп немесе бір аквамен болып судың астына түсіп деген сияқты.

Гүлдана Мұқан, тілші:

- ТОП актерлар мен танымал блогерлер бой көрсеткен лента көрермен көңілінен шыға ма? Кезекті комедияның айтар ойы бар ма? Оны киномандардың пікірінен кейін білетін боламыз.