«Казахи» құрамасы Канаданың 7 қаласында тур қойды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Бұл «Казахи» құрамасының шетелдегі тұңғыш концерттері. Канаданың: Торонто, Оттава, Монреаль, Калгари, Ванкувер, Виннипег сынды қалаларында stendupcomedy show жасаған.

– Канадаға қалай барып келдіңіз? Турларыңыз қалай өтті?

Құмар Лұқманов, актер, әзілкеш:

– Күшті барып келдік. Сегіз концерт, 7 қала. Канаданың ішінде 5000 шақырым жүріп тастадық.

Сегіз концерттің бәрі солд аут болған. Барғаннан аяғымызды жерге тигізбей, жергілікті қазақтар күтіп алды. Біраз әңгімелесіп, мауықтарын басты,-дейді Құмар.

– Канададағы қазақтардың өте жақсы қарсы алғанын көрдік, иә?

Құмар Лұқманов, актер, әзілкеш:

– Иә-иә. Өте жақсы қарсы алды. Кейбіреуі 30 жыл, кейбіреуі 20, кейбіреуі 10 жыл болған. Үйге қайтпаған. Бізді құшақтап жылап жүр ғой олар.