Дүрия Қыдырбек, @duriiya_kydyrbek:
– Құрметті, көрермен. Әдетте біз сахнадағы шоуды көргенімізбен, сахна сыртындағы шуды біле бермейміз. Бүгін біз Алатау серілері тобының шығармашылық кешіне келдік. Ендеше әртістердің дайындығын бірге бағамдайық.
– Әр сахналық образға тоқталайықшы. Авторы кім? Құны қанша?
Ғабит Қорғанбекұлы, «Алатау серілері» тобының мүшесі:
– Өздеріңіз көріп отырсыздар версачидың образынан алынған көк шапанға билеріміз, батырларымыз, міне 3 биіміз тұр. Осы идея авторы Жан Мұқанов. Сол идеяны тігіп берген Азамат Арғынбаев.
– Маған қызық, мына киіммен қандай қойылым көрсетесіздер?
– Біздің жаңадан шыққан махаббат жайлы шыққан әніміз бар. Домбыраның күмбіріндей сыңғырла, дүбірле деп мазхаббаттың өзін аттың сипатымен беретіән жаңа әніміз бар. Сол әнге арнайы тігілген киім.
Сахналық образдардың жайы түсінікті. Жанды дауыста кеш өткізбекке бекіген серілердің тізіле дайын тұрған аспаптарын көріп, жабдықтары жайлы кеңінен білмек болдық.
Рауан Ексілов, «Алатау серілері» тобының мүшесі:
– Бүгінгі кеште қандай аспаптарда ойнайсыз, бізге және көрерменге көрсетіп жіберіңізші?
– Мен бүгін баян аспабында ойнаймын, Шаңқобыз, сыбызғы арасында домбырада ойнаймыз. Мынау шіңкілдек. Мына жерде көп аспаптар тұрады. Ғибрат, бәрінің аспаптары дайын тұрады. Кезек-кезек алып, қолданамыз. Мынау шіңкілдек, мынау ойнағаным шаңқобыз. Қазақтың көнеаспабы асатаяқ. Мұның бәрін қолданамыз.
Кезек мүйізкернейге жетті. Көзге ерекше түскен соң тереңірек сұрап ек бұл аспаптың серілерді біраз әлекке салғанын білдік.
Рауан Ексілов, «Алатау серілері» тобының мүшесі:
– Кезінде Қырғызстаннан өтіп бара жатқанда контрабанда деп жібермейді. Сонда меінң сөмкемде қалып кеткен ғой., Тек менде ғана қалған. Сомен аспап десема жібермейді. Ойнай алмай, жарты сағатта әрең дегенде шығарғам. Содан кейін ұстамайтын болдым.
Дайындықтарын пысықтаған серілер сахнаға аттанды! Ал біз әрі қарай кешті көрермен залынан тамашаладық. «Алатау серілері» концерттің шымылдығын «ассалауғалейкум» әнімен түріп, барша көрерменмен әуендетіп амандасты.
Әнішілер бұл кеште әр нөмірді арнайы сахналық қойлымдармен әрлеген. Тіпті кәсіби хореографтардан қалыспай билеп, сахнаның сәнін кіргізді. Жігіттер бұл кеште ұжыммен ән шырқап қана қоймай, өздерін жеке орындаушы ретінде де танытты. Осылайша көрермен 6 тармақтан тараған 6 үннің сарынын тыңдады.
Қуаныш Алтыбаев, «Алатау серілері» тобының мүшесі:
– Бір қуанып, жылағымыз кеп тұрғаны дәстүрлі әнге аншлаг болады деп ойламадық. Жігіттер 2-3 күннен бері уайымдап едік, 2 күн болды ма, балалар арасында жылап та алды.
Бір сәтте сахнаға көптен көрінбей кеткен Төреғали Төреәлі шықты. Тасада жүруінің себебі мен сырқаты жайлы желіде желдей ескен әңгімелердің нүктесін қоймаққа сұхбаттасқымыз келіп еді тілдесуге келіспеді.
ТТТ шабысы бөлек аттай сахнада ойнақтап жүріп ән айтты. Көрерменмен де әңгімелесті. Бабына қарап жағдайы жақсы деп топшыладық.
2 жарым сағатқа созылған кеште дәстүрлі әншілер толығымен жанды дауыста ән шырқады.
Жасұлан Мұсағалиев, «Алатау серілері» тобының жетекшісі:
– Шыны керек көңіл-күй керемет. Айтып тауыса алмай тұрмыз. Айтуға сөз жетпей тұр. Сахарадай дүниені сахнаға шығару біздің азаматтық борышымыз. Ұлыттық өнерге қызмет етуге дайынбыз.
Кешке келген қонақтар қатарынан дәстүрлі әнші. педагог Рамазан Стамғазиев пен жары Ұлту Қабаеваны байқадық. Төл өнеріміздің жілігін шаққан мамандардан кеш жайлы пікір сұрап, шәкірттерінің өнерін бағалауын өтіндік.
Рамазан Стамғазиев, Қазақстанның халық артисі, дәстүрлі әнші:
– Жігіттердің концерті барлық саланы қамтыды. Халық композиторларының әндерінен бастап, алаш зиялаылары, абайдың 180 жылдғы, қоғамда айтылатын дүниенің бәрін бір-концертің ішіне бастан-аяқ рухани байлық алып шықтық.