Level up фестивалі биыл тек музыка ғана емес, эмоция мен энергияға толы нағыз шоуға айналды. 6 сағатқа созылған кеш көрерменді жалықтыра қоймады, керісінше уақыт өткен сайын қыза түсті. Сахна шымылдығын алғаш болып Bazar Jackson мен Hatiko Ali түрді. Кеш қонақтарының қатарында Еңлік те болды. Рэпер хит тректерін орындап болған соң, жиналған жұрт құпия қонақты күтті.
– Құпия қонақты кім деп ойлайсыз?
– Мүмкін RaiM шығар, сол болса екен.
– Менің ойымша Sadraddin.
– 6ELLUCCI деген үміттемін.
– 6ELLUCCI деп ойлаймын. Бірақ олар емес шығар.
– AZ деп ойлаймын.
– Say Mo деп ойлап қоямын.
– 6ELLUCCI деп ойлаймын.
Фестивальдің бұл жолғы құпия қонағы «Беллучи» тобы болды. Танымал «бетперделі» жігіттер сахнаға шыққан бойда, көрермен эмоциясын жасыра алмады.
– Жігіттер сіздерді көргеніме өте қуаныштымын. Көңіл күйлеріңіз қалай?
«6ELLUCCI» тобы:
– Атмосфера керемет. Көңіл күй тамаша. Бәрі күшті сияқты. Толықтай қосыламын. Көп рақмет. Біз де көргенімізге қуаныштымыз. Level up top!
«Қызылорда», «Көбелек», «Миллионер» тректерімен танылған «Беллучи» тобы бүгінде ауқымды фан-базаға ие. Олардың хиттері ютуб хостингінде 17 миллионнан астам қаралым жинаған. Бір қызығы, бұл кеште жігіттердің тағы бір арманы орындалды.
– Алғаш рет хэдлайнер болып тұрсыздар ма?
«6ELLUCCI» тобы:
– Жалпы алғаш рет біздің ойымызша. Өйткені бір жыл бұрын мен қатты күткенмін бұл фестті. Бірақ осы жылы армандар орындалды.
Ал кештің хэдлайнері «91» тобы болды. Атышулы жігіттер фестиваль соңында репертуарындағы ескі тректерін де орындап, көрерменді ностальгияға бөледі.
– Қыздар, концерт ұнады ма?
– Өте ұнады. Особенно соңында Ninety one шыққанда от болды! Керемет болды, бүкіл әншілер тамаша өнер көрсетті.
– Ұнады. Күшті күшті болды. 91-ді жақсы көремін.
– Керемет кеш болды. Керемет артистер. 91 мәңгі жүректе.
– Бұл қыстың ең керемет концерті болды.
Айта кетейік, «Level up» фестивалі биыл жаңа бір сатыға аяқ басып, әлеуметтік мәселеге ерекше назар қойды. «Жастарға зиянды әрекетттерден аулақ болып, үнемі рухани тазалыққа ұмтылу керектігін жеткізгіміз келеді!» - дейді, шара ұйымдастырушылары.