Кейінгі уақытта Ернар Амандық пен актриса Бақытгүл Серікбаеваға қатысты қауесет тарап жатқаны рас. Оқырмандардың сөзіне сенер болсақ, Баконай Ернардың музасы мыс. Концерттердің бірінде бой көрсеткен актрисадан мән-жайды сұраған ек.
Бақытгүл Серікбаева, актриса:
– Тик-токтағы кей оқырмандар Ернар Амандықтың музасы дейді. Осыған қатысты не дейсіздер? Қаншалықты рас ақпарат?
– Қайдан шыққанан білмеймін. Бұл сұраққа нақты жауап бере алмаймын. Өйткені мен емес әндердің авторы.
Нақты жауап бермеді. Десе де жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды емес пе?
Бақытгүл Серікбаева, актриса:
– Мүмкін әндерін тыңдайтындарға мен елестейтін шығармын
– Әндерін тыңдайсыз ба?
– Әрине, тыңдаймын. Жақсы көріп сүйіп тыңдаймын әндерін. Бірден бір қолдаушысымын деп айтушы едім. Шығармашылығы басталғаннан әндерін сүйіп тыңдаймын. Үнемі жаңа әні шықса, әлеуметтік желіде видео саламын әнімен міндетті түрде.
Әндерінің кейіпкері кім екенін білмеймін дейді Бақытгүл. Алайда оқырман сізге арналғанына сенімді.
– Алып-ұшпа әңгімелер жайлы сөйлесіп көрдіңіздер ме? Халық былай деп жатыр ғой деген сияқты…
– Өз арамызда ол әңгіме айтылады. Бұл сұрақтарды Ернарға қойсаңыздар болады.
– Міндетті түрде. Ұстатпай жатыр ғой..
Ернардан сұраудың реті түспеді. Бірақ сері көптің көкейіндегі сауалға ән арқылы-ақ жауап беріп тастаған сыңайлы. Мен сүйген гүл Бақытты болуға тиісті деді де, Бақытгүлдің есімімен байланыстырған әннің бейнебаянына Баконайдың өзін түсірді.