Актер Нышанбек Жұбанаев режиссерлыққа бет бұрмақ!

Сообщить о проблеме с эфиром

Отандық кинопродюсерлердің қатары толықпақ. Осы уақытқа дейін ауқымды жобаларда басты рөлде бой көрсетіп, танымалдылыққа ие болған Нышанбек Жұбанаев фильм таспалауға ниетті.

Нышанбек Жұбанаев, актер:

Өзімнің үлкен киномды түсірсем ба деген ниет болып жатыр. Ешкім көрмеген, ешкім түсірмеген бір дүние жасағым кеп жүр. Шаршадық онша емес кинолардан деп па.

Қандай кинолардан шаршадыңыз?

Мен ба? Мән мағынасы жоқ, өтірік жылататын, өтірік күлдіретін. Қалай дейді анандай эмоцияны манипуляциялайтын кинолар бар ғой, эмоцияны шақыру керек та шығару керек яғни. Кино деген ол сезім ғой, чувства. Манипуляция емес.

Білуімізше, киноның сценарийі бір ғана актердің төңірегінде жазылған. Жұбанай-тегі картинаның тақырыбын құпияда ұстауды жөн көрді. Десе де фильм желісіне кішігірім спойлер жасауға қарсы болмады.

Нышанбек Жұбанаев, актер:

- Сондай бір кішкентай проблема ғой. Бір масштабный бір деңгейге шығып кетеді өзі үшін. Өзі қандай психологиялық ауытқуға кетіп бара жатқаны өзі білмей қалады. Бірақ, сондай трансформация болды да. Киноның басында нормальный адам соңына дейін бір анадай джокерский ауытқу болып кетеді ол адамда.

- Жанры қандай болмақ?

- Әртүрлі жанр қамтылған. Ал бірақ негізі ол анадай более Чеховский жанрмен. Яғни, трагедия, драма, комедия.

Нышанбек Жұбанаев тырнақалды туындысында өзі бой көрсетпейді, есесіне продюсер де, режиссер де өзі. Мұндай қадам актердің түсірілім алаңындағы басшылық дебюты.

- Ал кастқа танымал жұлдыздарды шақырасыз ба? Әлде no name актерлерден жұлдыз жасайсыз ба?

Нышанбек Жұбанаев, актер:

- 90 пайыздай бір ғана актер ойнайды. Соның басынан кешкен қасіреті ғой. Сол мен негізі өзі Чеховты жақсы көремін да ше. Сондай трагедия «маленького человека».

- Ол актер кім болмақ? Сіз бе?

- Секрет. Уайымдаманыздар. Мықты актер болады. Мен сияқты. Ойнай алатын. Состояние бере алатын. Халыққа атмосфера сыйлай алатын. Сондай актер болдаы. Мен жәйский актер алмаймын. Маған не важно ол no name ба. Ол звезда ма. Мен ондайға қарамаймын.

Кім білсін, бүгінде кез келген адам фильм түсіре алатын кинонарыққа көп жылдық тәжірибесі бар актердің келуі бұл индустрияға жаңа серпін, тың тыныс әкелуі әбден мүмкін. Оның кәсіби көзқарасы мен жинақтаған тәжірибесі кино әлеміне өзгеше рең беріп, сапаның жаңа деңгейін қалыптастыруға жол ашар.