Көптен бері көрінбей кеткен желі жұлдызы Мерей Әбілова, күні кеше жабық көрсетілімдердің бірінде көзге түсті. Қуанышқа орай, блогер сұқбаттасуға бірден келісіп, ағынан жарылды.
– Қызым дүниеге келгелі бері бір баратын жерді таңдап барады екенсің. Шақырған бүкіл жерге бара бермейсің. Сондықтан да қазір енді таңдайтын болдық шыны керек. Қызымды қалдыру үшін ата-апасына апарып оны деген пролблемасы көп қой.
Мерей 3 жыл бұрын тұрмысқа шығып, 2024-те Мәриям есімді арудың анасы атанған еді.
– Тұңғышыңыз ғой. Қиын болып жатқан жоқ па? Ана болу, барлығына үлгеру деген сияқты.
Мерей Әбілова, блогер:
– Жоқ енді күтушім болғандықтан, ондай ешқандай қиыншылығы жоқ. Күйеуіме рақмет бүкіл жағдайды жасап қойған. Наоборот ана болу сезімі тек қана маған күшті әсер беріп жатыр.
Еске салсақ, күйеуге шықпас бұрын Мерей сахнаға шығып, әбден хейтке ұшыраған еді. Бірақ бүгінде инста жұлдыздың әншілікті қайта қолға алып, киноға түсетін жоспары да жоқ.
– Ал киноға түсуге ұсыныстар түсіп жатқан жоқ па?
Мерей Әбілова, блогер:
– Шыны керек, түссе де қабылдамайтын едім. Ондай қалауым жоқ түсуге.
– Ал бірақ Димаш барлығына рұқсат етеді ме?
– Иә, тек кинода білесіздер ғой енді азаннан кешке дейін сол жерде жүру керек. Ал мен қазір үйдің адамы болып жатқан сияқтымын. Маған үйде қызыммен отырған ұнайды. Сондықтан да түскім келмейтін еді.
Желі қолданушылары Мерейді сан мәрте отырса опақ, тұрса сопақ қылды. Алайда, арудың өміріне қызығушылық танытқандардың саны артпаса, азайған емес. Бірақ, неге екені белгісіз соңғы кездері блогердің әлеуметтік желідегі белсенділігі бәсеңдеген.
Мерей Әбілова, блогер:
– жоғалмауға тырысамын. Енді ол жоғалғанымның өзінің бір себептері бар. Бірақ алдағы уақытта айта жатармын.