Ол «Біз екеуміз» деп танылды, «Қызғалдағым» деп шырқап сұранысқа ие болды. Тыңдарман жадында сақталған талай хиттің авторы әрі орындаушысы Байтанаттың әр әні YouTube хостингі мен платформаларда көш бастайды. Бұл сөзіме тректері жинайтын 20 миллиондаған қаралым дәлел. Енді артист сол жанкүйерлерінің басын қосып, соло кешін өткізбек.
BYTANAT, музыкант
- Әрине, уайым бар. Алғашқы үлкен концертке әрбір өнерпаз әрқашан да үлкен дайындықпен шығады. Сондықтан ол - үлкен уайым. Мен негізі бұл концертке 1 жыл бойы дайындалғанмын. Сондықтан концерт ерекше өтеді.
Кеш симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен өтеді. Қызығы. хорда ән айтатын музыканттар Байтанаттың шәкірттері екен. Айта кетейік, өнердің қара шаңырағы Темірбек Жүргенов тындағы академияда білім алған ол бүгінде ұстаздық етеді.
BYTANAT, музыкант
- Концертте енді барлығы симфониялық оркестрмен болғандықтан, жаңды дауыс болғандықтан, барлығы оның «переоранжировать» етіледі міндетті түрде. Бағанағы сізге атап өткендегідей, келген халық күнделікті көлікте тыңдап жүрген музыканы тыңдауға болмайды. Одан әсер ала алмайды. Сондықтан, барлығы жаңаша болуы керек.
Афишада көрсетілмегенімен отандық жұлдыздар болады дейді Байтанат. Кеш қонақтарының тізімінде ТМД-ға танымал жұлдыз барын да айтып қалды. Алайда атын атап түсін түстемеді. Бұл көрерменге тосын сый деп түйіндеді сөзін. Айтпақшы, музыкант концертке су жаңа релиздер де дайындауда.
BYTANAT, музыкант
- Жаңа трек дайындалады, дайындалып жатыр. «Сен керек» деген жаңа әнім бар. Сол дайындалып жатыр бұйырса. Осы сәуір айыныан бастап, шығара бастаймын желілерге. Сосын және де ТМД-дан бір әнші болып қалуы ықтимал. Оның барлығын қазір айта алмаймын.
Концерт 6-мамыр күні Алматы Аренада өтеді. Жанды дауыста ұйымдастырылатын ерекше шоудың куәсі болғыңыз келсе, кештен қапы қалмаңыз. Артист Алматыдағы кештен соң өңір-өңірді аралап, тур өткізетінін де айта кетейік.
BYTANAT, музыкант
- Әуелі Алматыны содан кейін барып Астана, содан кейін барлық қалалардың бәрін аралаймыз. Енді ол концерттің барысына байланысты. Шақыртулар жиі болып жатса, өңірлерге жиі барамыз бұйырса міндетті түрде. Неге, өйткені бізде команда көп та, айтарлықтай оның шығыны да көп. Сондықтан барлығы сай келу керек, сондықтан біз өңірлерге сұраныс болып жатса, біз барамыз міндетті түрде.