Музартфест! Нью скул өкілдері ширек ғасырлық хиттерді жаңа интерпретацияда ұсынады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Дүрия Қыдырбек, тілші:

Құрметті, көрермен, біз бүгін ерекше кештеміз. Себебі, Мұзарттың әндері жаңа интерпретацияда шырқалады. Нью-скул өкілдері ширек ғасыр хит болған әндерге екінші дем бере ала ма? Ендеше бірге білейік.

 

Мұзарттың фанбазасы 25 жылда еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін толықты. Мұны ағалар жақсы біледі. Сондықтан да болар қай көрерменмен болса да бір толқында болуға барын салады. Мерейтойында да еш буын өкілін ренжітпек емес. Бір ай бұрын тыңдарманын республика сарайына жайғастырса, күні кеше жастармен аренада атап өтті.

 

Сахнада Қайрат Нұртас, Райм мен Ерке, Айқын, Дастан Оразбеков, Калифарния, мирас Жүгінісов бастаған жарқын жұлдыздар. Барлығы Мұзарттың хиттерін өз нақышына салып, ерекшелеуге тырысқан.

Айқын Төлепберген, әнші:

Мен кавер жасадым. Көбіне әншілер Музарттың айтқан стилінде айтып жатыр. «Мен сүйдім, сені» деген әнді, Джонидің стилінде айтамын.

 

Айқын жақында барлық платформаларға шығады деп сүйіншілетті. Ағаларының әніне бейнебаян түсіріп те үлгерген.

 

«Мереке күніңмен, қарсы алам өзіңді!» - деп басталғанда-ақ күллі қазақ бірге әуелете жөнелетіні баршаға аян. Осынау әнді жаңаша ұсыну Мұзартлайф-тық жігіттерге тапсырылған екен.

Серікболсын Кішкенбаев, «Muzart Life» тобының солисі:

Баяғыда электронды гитара, рок жанры қатты жоқ қой. Осы жолы бар. Гармониясы бөлек, оркестр қосылды. Скрипка, көресіздер, мықты болады.

 

Ал Еркеш Хасен артық қыламын деп тыртық қылудан қорықтым дейді. Сондықтан аса өзгертпеуді ұйғарған.

Еркеш Хасен, музыкант:

Маған айтты хабарласып,Музарттың 25 жылдығы болатынын айтты. Фест аренда, барлық жастарға әндерді орындайтынын білдім. Қайсысын таңдайын былай тұрсын, бұл мәртебе ғой!

 

Тұрар алаңды «Фарида» әнімен қыздырды. Сері тек әуенін ғана емес, мәтінін де заманға сай өзгерткен.

Бұл ән сіздің репетуарда бұрыннан бар, иә?

Тұрар Ыдырыс, музыкант:

1 жыл бұрын желіге салған болатынбыз, бір бағдарламада айттық.

Негізі басқа біреу айтуы керек болған. Бірақ, «қой сенікі күшті, сен айта бер!» - деді ғой.

Кім айтуы керек еді. Кім сіздің нұсқаны басып оза алмады?

Білмеймін, қайсысы болса да мен секілді айта алмады.

 

60-қа жуық жарқын жұлдыз бір кеште тоғысты. Барлығы дерлік тыңғылықты дайындалған. Десе де ағаларынан баға беруін сұрадық.

Сәкен Майғазиев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші:

Негізі бірінен-бірі өтіп тұр. Тыңдамаған деп ойлап қалмасын. Жарқынай мен Абиктің нұсқасы жақсы болды. АRO «Жайлаукөл кештерін» өз нақышында орындап жатыр. Қазбек Құрайыш... Қазыбектің орындағаны керемет болды.

 

Осылайша ескі әрі есті әндер алматы аренада жаңа нұсқада шырқалды. Алаңға жиналған жастардың эмоциясына қарасақ, әншілер танымал хиттерге екінші дем сыйлай алғандай. Десе де талғамы биік тыңдарманның бағасын уақыт көрсетер.

 

Автор: Д. Қыдырбек