– Соңғы рет 24/7 атты релизіңіз шықты. Келесі релизіңізді дайындап жатсыз ба? Қалай аталады? Авторы кім?
Hulan-Aru, әнші:
– Иә, релизімді дайындап жатырмын. «Иә, иә» деген ән шығады. Авторы Қуат Әбіл.
Иә, репертуарындағы әндерінің барлығын жазып берген Қуат Әбілді Баянсұлу керек етпесе, Хулан-Ару композитормен байланыс үзбек емес. Оған себеп продюсері Баян Мақсатқызының тұрақтылығы және Қуат мырзаға деген риясыз сенімі. Бүгінде Аружан Бекболат шығармашылығын дамытып, жаңа туындылар дайындауда.
– Қандай жанрда болады? Бейнебаян түсіріле ме?
Hulan-Aru, әнші:
– Бейнебаян міндетті түрде түсіріледі деп ойлаймын. Оны енді Баян Мақсатқызы шешеді. Өте көңілді, сондай бір ойнақы. Андай сөздер бар: «Иә, иә еркелік бар екендігін білем. Иә, иә өзімше қырсығып жүрем» деген. Баяғы сондай бір қыздың көңілі, қыздың сондай бір ойнақы сондай ән болады иә.
Әзірге әннің толық нұсқасы шықпады. Бейнебаяны да дайын емес. Десе де сылқым жаңа туындысының үзінділеріне сниппед таспалап үлгерді.
– Біз сізді тек әнші ретінде ғана емес, актриса ретінде де танимыз ғой. Алдағы уақытта фильмге түсуге тағыда ұсыныстар түсіп жатыр ма?
– Түсіп жатыр. Бірақ, әзірше әншілікті таңдадым. Өте қызықты ұсыныстар болса, сонда ғана барамын.
Ендеше барлық назарын әншілік мансабына ниетті Аружан Бекболатқа сәттілік тілейміз.
Автор: Ш. Құсаинова