«Қызылорда», «Көбелек», «Не керек». Аталмыш хит тректердің орындаушылары, «6ellucсi» 2023 жылы құрылған еді. Олар тіпті аз уақытта фан-базасын жинап та үлгерді. Жұрт әлі күнге дейін бетперденің артында жасырылған жігіттердің кім екенінін хабардар болмаса да, олардың айрылмас дос екенін жақсы біледі.
«6ellucсi» тобы:
– Біз 15 жыл бір бірімізді танимыз. 10 жыл бірге тұрдық. Әбден піскенбіз ғой. Анау пазл дейді ғой. Білмейм қазақша қалай болатынын. Бір біріне қалай киілсе, біз солай киіліп тұрамыз. Жан досым ғой менің. Жақсы көрем ғой!
Осыдан небәрі 2 апта бұрын «6ellucсi екі жаққа кетті» деген қауесет тарап еді. Көпшілік желіде бұл жайлы талқылап жатқанда, жігіттер бұл жаңалықтан бейхабар болған-ды. Себебі бетперделілер ол уақытта жаңа әндерді дүниеге әкелудің қамына кіріскен.
«6ellucсi» тобы:
– Біраз өлең бар, шығады. Өлеңмен ренжітпейміз. Кез-келген жанрда. Металл рок пен операдан басқа десең
– Тақырыптарын, жанрларын айта аласыз ба?
– Жалпы осы жылы акцент рэпке болады бізде. Жаңа формада береміз. Рэп болады, өмірлік лирика да болады, махаббат лирикасы да болады.
Жігіттердің фиттері де дайын. Бірақ серілеріміз нақты кімдермен коллаб жасайтындарын жасырып қалуды жөн көрді.
– Алдағы уақытта кімдермен фит жазбақ жоспарларыңыз бар?
«6ellucсi» тобы:
– Көп. Иә, айтпай ақ қояйық. Қызық болсын. Бар бірақ бар. Келісім келісіп қойдық. Бірақ әзірге айтпаймыз.
«6ellucсi», «Ninety one», «Moonlight». «NON STOP FEST» бұл кеште тыңдарман сағынған топтардың басын қосуды жоспарлаған сыңайлы. Фесттің лайн-апында көптен көрінбей кеткен «Moonlight» та болды.
Аңсат Ділдабай, «Moonlight» тобының солисі:
– Жалпы пандемия бар. Ең бірінші - себебі сол. Одан кейін жалпы пандемиядан кейін бізге оралу негізі қиындау болды. Өйткені, біз барлығымыз енді әртүрлі жұмыстар істеп бастадық. Соған байланысты жалпы қиындау болды.
Жақында камбэк жасаған «Moonlight» тобы шығармашылығына белсене кіріскен-ді. Бүгінде жігіттер жаңа тректерін дүниеге әкелуде. «Біразға дейін жоғалып кетсек те, сұраныс көптеп келуде» дейді серілеріміз.
Kyle Ruh, «Moonlight» тобының солисі:
– Гонорар бізде қазір 3 миллион тұрамыз. Бізге ең бастысы ол музыкалық талап. Егер сол жағынан профессионалды түрде болса музыка, сахна жағы.
Фестте өнер көрсеткендердің қатарында «404» girls-band-і де болды. Айта кетейік, бұл арулардың үлкен сахнадағы алғашқы дебюті.
Зерден Жанат, «404» тобының солисі:
– Бізге өте ұнап жатыр. Себебі, бұл Алматы аренада өнер көрсетуіміз бірінші.
Жания Ғайнуллина, «404» тобының солисі:
– Бүгін өте қатты андай бір спокойный атмосфера болды. Бірақ, халық өте шынымен де энергиясы өте керемет болып тұр бүгін.
Майя Болат, «404» тобының солисі:
– Біз жаңа гримеркада тұрған кезде бізге Алем ағаның өзі келіп: солай Сендерге сәттілік! - деп кеткен.
Ал кеш соңында басты хэдлайнерлер 91 тобы шығып, «Non stop fest»-ті ғажайып атмосферада қорытындылады. Концерттерге сирек шығатын тобын сағынған тыңдарман, біразға дейін Ninety one-ды жібергісі келмеді.
Автор: Ш. Құсаинова