«Меховая 8/1» тобы неге бір-бірімен араздасып қалды?

Сообщить о проблеме с эфиром

Олардың әніне ақ көйлек киген де, көк көйлек киген де еріксіз билей жөнеледі. 2019 жылы шоу-бизнесті шулатқан «Меховая 8/1» тобының шығармашылық ғұмыры тым қысқа болған сыңайлы. Оған себеп, Қанай, Жандос, Қабдол үшеуінің басы соңғы кезде мүлде бірікпей кеткен.

 

Ақболат Өтебай, «Назар аудар» театрының актері:

Бұлар енді әзілмен келіп қалды да, өздері топ болғанын білмей қалды ғой негізі бұлар. Құдай бағын берді. Бір ойнап күліп, жасап жүрген дүниелері атып кетті. Сосын хиттары шықты өте жақсы. Бірігіп жұмыс жасаса әлі де хиттары шығады деп ойлаймын

 

«Көзден кетсе, көңілден кетеді» демекші, халық арасында «Топ тарап кетті ме?» деген сыбыс та аз емес. Ел көкейіндегі сұраққа нүкте қою үшін, сауалды Қабдолға тікесінен қойдық.

Қабдол Тілеков, әзілкеш:

Жалпы «Мехавая» тобы бармыз негізі, былай сырт көзге солай көрінеміз ғой. Қазір енді жеке жеке өзіміз жұмыс жасап жатырмыз. Жандос өзіңнің бір бағдарламаларын түсіріп жатыр, сондай бір бизнеспен жұмыс жасап жатырмыз. Қанай өзін жеке концертпен жүр.

 

Қазір жігіттер шығармашылықты ысырып қойып, әмиянды толтырудың қамына кіріскен. Бірі - өнерде, енді бірі - бизнесте. Бірақ, топ тарады деген қауесетке күмәнмен қарайтындар да бар екен.

Данияр Бекжан, стендапер:

Тарап кеткеннің өзінде бірге жүретін балалар. Сондықтан ондай сөзге сенбеймін. Алдағы уақытта жақсы әндер шығады деп ойлаймын. Жалпы сенбеймін, енді тарап кетсе де үшеуі де талантты жігіттер ғой.

Q1esko, музыкант:

«Меховая» тарап кетті! Ойнап айтамын, «Меховая» тараған жоқ шығар енді, балалардың бәрін танимыз, бір-бірімен ауызбіршілігі мол. Жалпы өнерде жүрген адамдардың ішіндегі күшті сондай қарым-қатынастары жоғары деңгейдегі бауырларымның бірі.

 

Алғашында нақты жауаптан қашқақтаған Қабдол, ақыр соңында ағынан жарылды. Белгілі болғандай, жігіттер қазір жеке кәсіпті дөңгелетумен әуре екен. Ал серілердің уәдесіне сенсек, 2027 жылды толықтай Меховаяға арнамақ ниетте.

Қабдол Тілеков, әзілкеш:

Біздер негізі келісіп алғанбыз, бір жыл өзіміз солай жұмыс жасайық, сосын келесі жылдан бастап дайын әндерімізде бар, енді дайындалатын әндерімізде бар, келесі жылдан бастап тур мен концертпен топқа толықтай көңіл бөлеміз деген ниеттеміз.

Бұрын 20 мың теңгеге келіннің бетін ашып жүрген Қабдол, бүгінде миллион теңге ұсынса да уақыты жоқ, сұранысқа ие өнерпаз. Ол «күн-түн демей студияда жүрмін, көрінбей кеткенімнің де себебі осы»,-дейді.

Қабдол Тілеков, әзілкеш:

Жақында Мұрат Япракпен бір фитіміз шығады, содан кейін Ақболат Өтебаймен бар, Маченский мен бар деген сияқты дайындап қойдық. Екі жақтан қарастырылып, бірге отырып ақылдасып.

 

Қабдолдың жаңа туындылары тыңдарман көңілінен шығады деген сенім бар. Ал «Меховая 8/1» тобының жанкүйерлері күткен жаңалықты көп ұзамай естиміз деп үміттенеміз.

 

Автор: А. Сауытбек