Қарақат Әбілдина EURASIAN FASHION WEEK подиумында!

Сообщить о проблеме с эфиром

Байер, стилист, дизайнер мен сән журналдарының бас редакторлары һәм фэшн фотографтардың бір алаңда бас қосып, тәжірбие алмасуы. Жас мамандар мен модельдерге шетелдік подиумға жол ашатын, бағыт көрсететін жоба. 17 жыл үздіксіз өткізіліп келе жатқан Eurasian fashion week-тің негізгі мақсаты осы. Шара кезекті рет елордада, Конгресс орталықта шымылдығын түрді.

Арай Әлімхан – журналист, EFW амбассадоры

– Тек қана Қазақстан емес, басқа да алыс-жақын шетелдердің қонақтарымен бірге көрсетілген кеш болғандықтан, осындай сән апталығы болашақта өзінің үлкен жетістігін әкеледі деп ойлаймын.

Нұр – Сұлтанның ең сәнқой сылқымдары мен серілері бұл жолы тек отандық емес, шетелдік дизайнерлердің туындыларын тамашалауға мүмкіндік алды.

Айнұр Тұрысбек – сәнгер

– Елде жүріп, осындай сапалы ұйымдастырылған шараларға қатысу керемет сезім. Бұндай алаңдар жаңа есімдерді тануға мүмкіндік береді.

Заманауи коллекциямен қоса, ұлттық нақышты негізге алған дизайнерлер топтамасы да таныстырылды. Бұл жолы подиумға Қарақат Әбілдина екі жасқа жаңа толған кенже қызы Аяланы да алып шыққан.

Қарақат Әбілдина – әнші

– Қазақтың ұлттық дәстүрлі шапаны, ою-өрнегі қашанда сәнде. Ол еш уақытта ескірмейді. Қазақтың ұлттық колориті дейді ғой, міне біздің үстіміздегі тұрған. Бұл еш уақытта ескірмейді. Ешқашан сәннен қалмайды. Сондықтан, кішкентай қыздарды да осылай әдемі киіндіруге болады.

EURASIAN FASHION WEEK негізін қалаушылардың сөзінше, бұл алаңға назар тіккендер саны артқан. Дәл осы сән сахнасына көтерілген дизайнерлердің шетелдік подиумдар мен шоу-румдарға шығуға мүмкіндігі мол. Сондықтан, тек озық ойлы сәнгерлер шақырылады.

Ирина Байжанова - Eurasian fashion week негізін қалаушы

– Евразиан фэшн уик ерекше эмоция сыйлады. Атқарылған жұмыстан ерекше ләззат алдым! Осындай мереке сыйлаған командама жарайсыңдар деймін.

Сән апталығы 10 мен 12-ші қыркүйекте Алматыда жалғасын табады.