Экс «Juzim»-дік арулар Асыл Айдарға қандай айып тақты?

Сообщить о проблеме с эфиром

«Juzim» тобы фанаттарын жаз бойы біраз әбігерге салған еді. Алты қыздан құралған гелзбенд үш бірдей мүшесімен қош айтысқан-ды. Ұжымнан Mad Z, Chira, Erika-ның кетуі, «Demim»-нің төбелерінен жәй түсірді.

Bope мен Roo, «Juzim» тобының экс-мүшелері:

- Бұл шешімге, жаңағыдай тіл табыспаушылық деп айтуға болады, себебі, көп жағынан шығармашылық жағынан, қысым, жаңағыдай адами тұрғыда, көп жағынан бізде осындай түсініспеушіліктер болып қалды.

Продюсерлері Асыл Айдармен түсінісе алмаған өнерпаздар, кетуден басқа амал қалмады деп отыр. Арулар топ жетекшісінің жұмысына көңілдері толмағанын айтады. Тіпті, олар ортақ келісімшарт та жасаса алмапты.

Bope мен Roo, «Juzim» тобының экс-мүшелері:

- Біз өзіміздің тарапымыздан 1-2 рет жаңағыдай продюсерден сұрадық контрактке қол қоямыз, қашан қоямыз, қашан контракт болады. Немесе оны почтамызға алып қарасақ болады ма деген сияқты сұрақтарды қойып бастағанда. Ия қоямыз, біраз уақыт өткеннен кейін, 2 аптадан кейін деген жауап алдық.

Ал, Асыл Айдар қол астындағы қыздармен іс-жүзінде ортақ келісімге келуге асықпағанын жасырмайды.

Асыл Айдар, продюсер:

- Маған продюсер ретінде өз қызметімді дұрыс атқара алмағанымды айтты. Мен бұл жобаға барымды салдым. Сондықтан келісім шартты маңызды емес деп ойладым. Жан тәніңмен берілген жұмыс болғандықтан, мен қыздарға сенім арттым. Енді ғана қателік болғанын түсініп отырмын.

«Juzim»-де Mad Z мен Chira болған қыздар бүгінде Bope мен Roo атымен танылмақ. Бойжеткендер алғашқы фан-кездесулерін ұйымдастырып, алдағы жоспарлармен бөлісті. Себебі, қыздарды енді топ мүлде қызықтырмайтын көрінеді. Экс-продюсерлері тұрмақ, өзге қыздармен де қарым-қатынастарын үзген.

Bope мен Roo, «Juzim» тобының экс-мүшелері:

- Қазіргі таңда жоқ. Араласпаймыз, өйткені олардың жаңағыдай өзінің жұмыстары бар, өзінің мақсаттары бар қазіргі таңда.

Асыл Айдар да қарап отырмақ емес. Продюсер «Juzim» тобына кастинг жариялап, жаңа құрмаммен жобаны жалғастырмақ. Ал қыздар болса, жеке шығармашылықты қолға аламыз деп отыр.