Дженнифер Лопесқа «Оскар» беру керек!

Сообщить о проблеме с эфиром

Джей Лоға «Оскар» беру керек! Торонтода тұсауы кесіліп, күні ертең үлкен экрандарға жол тартатын «Hustlers» фильміне киносыншылар ең жоғарғы баға берді! Стриптиз бишінің рөлін сомдайтын актрисаның шеберлігіне тәнті болған олар, киноакадемияның назарына тұрарлық дүние жасалды деп шуласуда. Дженнифер Лопестің өзі бұл рөл киномансабындағы ең қиын жұмысы болғанын айтқанды. Енді, сол ауыртпалықтың оң нәтижесін көретін кезең жеткендей.

Таяуда, Анджелина Джоли үлкен ұлы Мэддоксты Оңтүстік Корея университеттерінің бірінде білім алуға шығарып салғанды. Сол сәттен бері су жаңа студенттің соңына түскендер көп. Папарацци мен түрлі таблоид тілшілері әр басқан қадамын аңдып жүр. Тіпті, Мэддокстың әкесіне қатысты пікірін де сұрап үлгерген. Брэд Питт біраздан бері тұңғышымен араласпай қалғанды. Сондықтан, Мэд бұл сауалға «Ол мені университетке іздеп келе ме, ол жағын білмеймін. Әзірге бәрі сол қалпы» деп жауап қатқан. Әкесімен әлі де татуласпаған екен деп топшалады көпшілік.

Майкл Дуглас пен Кэтрин Зета Джонс қоныс тойын атап өтіп жатыр. Жұлдызды жұп Манхэттаннан құны – 4,5 миллион долларлық жеке жай сатып алған. 22 бөлме, фитнес зал, бассейн мен кітапхана, үлкен бақшасы бар үйдің интерьері кез-келгенді тамсандырары анық.