Дженнифер Лопес Джиджи Хадид пен Ирина Шейкті шаң қаптырды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Белла және Джиджи Хадид, Ирина Шейк, Кендалл Дженнер, Стелла Максвелл, Кайя Гербер! Бүгінгінің супер сәнбикелері – Дженнифер Лопестің көлеңкесінде қалып қойды! Атағы жер жарған бұл жұлдызды арулар Versace-нің Milano fashion Week-тегі көрсетілімінде подиумға шыққан еді. Versace сән сахнасына Джей Лоның көтерілгені сол еді, меймандардың бәрі өре түрегеліп, құрмет көрсетті. Сылқымның сұлулығы мен мінсіз мүсіні өз алдына бөлек әңгіме. Бұған қоса, 2000 жылы Дженифер Лопес Грэмми салтанатына Versace-нің «джунгли» стиліндегі көйлегін киіп шығып, фэшн өндірісте төңкеріс жасағаны белгілі. Кейін, дәл осы принт сұранысқа ие болып, сән үйіне екінші тыныс сыйлағанды. Дженнифер Лопес – әнші, актриса

- Грэммиге үміттісің деген соң, стилистіммен қызыл кілемге арналған образ таңдауға кірістік. Бірақ, ол әкелген киімдер арасынан көңілге қонымды ештеңе таппадым. Сосын, Versace-нің осы көйлегін киемін деп шештім. Стилистім, бұған дейін ол көйлекті Донателланың өзі, Спайс гелз қыздары, Сандра Баллок киді. Соларды қайталамақшысың ба?- деп бой бермеді. Мен де қайтпадым. Дәл осы салтанаттан соң, Google өз қызметі «суретпен іздеу жүйесін» енгізді. Себебі, Джей Лоның сол образын көруге асық ғаламтор қолданушылары саны бірнеше миллионға жетіп жығылған. «Джунгли» тақырыбы «Dolce & Gabbana» сән үйіне де жат емес. Милан подиумына шығарған коллекциясына тропикалық орманның барша жануарлары мен өсімдіктері арқау болған. Сән сахнасы да дәл осы стильде безендірілген.