#LuinaArtem wedding day! Луинаның неке қию салтанатына қанша қаржы жұмсады?

Сообщить о проблеме с эфиром

Соңғы апта әлеуметтік желі де, отандық таблоид беттері де Луинаның хэн-патиі, мешітте неке қиыдырғаны һәм ерекше стильде дүркіреп өткен неке қию салтанаты жайлы жаңалыққа толды. Сылқымның өзі де бұл сәтті асыға тосқанды!

32-ге келгенде жолықтырған махаббаты 25 жастағы Артем Обухов. Сері бүгінде Луинаның директоры қызметін атқарады. Бұған дейін күйеужігіттің шоу-бизнеске мүлдем қатысы жоқтын.

Жас жұбайлардың неке қию салтанаты ашық аспан астында өтті. Қызыл кілеммен қалыңдықты алып келіп, күйеубаласына тапсырған Луинаның жалғыз туған ағасы болды. Әнші – Асқар маған әке орнын басқан жан деп сыр бөлісті.

Мерекеге Луинаның өнердегі әріптестерінен бөлек, Ақтаудан арнайы келген туыстары және ата-енесі қатысты. Әжесі – Астраханьда тұратын болғандықтан, жол алыстығына байланысты тойға қатыса алмаған.

Сылқымның киген қалыңдық көйлегі де көпті қызықтырды. Dream Dress брендінің Харпер стиліндегі көйлегін мыңның арасынан таңдап алдым дейді ару. Ал, автопатиге киген қысқа көйлегі – тігінші Елена Аушахметованың қолынан шыққан. Оны әнші инстаграмдағы оқырмандарының біріне сыйға тартпақ.

Дәстүрлі тойлардан бағдарламаларын ерекшелендіріп, жас жұбайлар үш қыз жолдас пен үш жігіт жолдас белгілеген. Жания Джуринская, Мақпал Исабекова мен Анар Батырхан қалыңдықтың құрбылары ретінде, неке қию рәсіміне куәгерлік етті.

Үйлену тойының ұйымдастырылуы да, безендірілуі мен меймандарды қарсы алу да нағыз ақсүйек бай-бағландарға тән дерсің. Осыған қарап-ақ, жас жұбайлардың қалтасы біраз жұқарды деп пайымдарсыз. Расында, Артем мен Луина шығындалған жоқ. Сән-салтанаты жарасқан той кешін ұйымдастырған «Жан әлемі груп» компаниясы және «Свадьба кз» сайты.