Жайдарбек Күнғожинов Джет Лимен бірге «Диснейлік» «Мулан» картинасында төбе көрсетеді.

Сообщить о проблеме с эфиром

Отандық ««Nomad Stunts» каскадерлік командасы Диснейлік «Мулан» картинасында! Одан бөлек, фэнтезидегі рөлдердің бірін сомдау, ұжым басшысы – Жайдарбек Күнғожиновқа сеніп таспсырылған еді.

Жайдарбек Күнғожинов, «Nomad Stunts» командасының басшысы:

- Каскадер – трюкке дайындайтын адам болып келгем, 12 адамды алып келгем. Сосын, актерларды дайындап жатқанда продюсер келіп, о Жайдарбек келді ғой, мына актерларды не қыламыз, бір актерды Канададан келген қайтарып жіберейік, Жайдарбекті қояйық деп, аяқ астынан өзім сасып қалдым.

Осылайша, шетелдік актерды жұмыссыз қалдырған отандасымыз, фильмде әскер басшысы кейпінде бой көрсетпек.

Жайдарбек Күнғожинов, «Nomad Stunts» командасының басшысы:

- Как раз ана Джейсон Скотт Лимен, білсеңіздер мен «Көшпенділерде» дублировать еткем. Ол енді главный отрицательный роль болды, соның қасында мен болдым, Гум болып.

Еске салсақ, бұл Күнгожиновтың актер ретіндегі алғашқы тәжірибесі емес. Әлемнің кіл мықты киногерлерімен ортақ жұмыс істеп жүрген каскадер, талай рет Голливудтық атағы жер жарған жобаларда төбе көрсетті.

Жайдарбек Күнғожинов, «Nomad Stunts» командасының басшысы:

- Актер болып шақырады, мысалы Натили Портманмен істегенде Ирландияда мен актер-каскадер болып істедім. Сосын, «Неудержимыйда» Шварцнегер бәріміз жұмыс істегенде мен онда, водитель болдым.

Ал, қаламақыма келер болсам, голливуд жұлдыздары ақшасының жартысын қалтаға салдым дейді каскадер. Десе де, Күнғожинов қанша қаржы табатынын ашып айтпады.

Жайдарбек Күнғожинов, «Nomad Stunts» командасының басшысы:

- Бізге продюсерлер шыққанда, біз сразу қолма-қол хат жазамыз. Мынандай информация беруге болмайды, кино басталғанша мынандай информация беруге болмайды, кино біткенше мынандай информация беруге болмайды деп. Сондай контракт жазамыз.