Сосо Павлиашвили алғаш рет Айқынның бірінші жұбайын бейнебаянға қалай түсіргенін айтты!

Сообщить о проблеме с эфиром

Айсара Бисенова, тележүргізуші: @ais.tv

-Дәл бүгін мен Ресей эстрадасының жұлдызы Сосо Павлиашвилидің концертіне келдім. Өнер иесі бұл кешті мерейтойының құрметіне арнапты. 55 жасқа толған сәтін жақындарының ортасында емес, фанаттарымен атап өткен композитордың туған күні қалай өтті?

Грузия мен Ресей әншісі Сосо Павлиашвили Қазақстанға да бауыр басып үлгерген. Елімізге жиі атбасын бұратын өнер иесі, бұл жолы төл мерекесіне орай жеке концерт беруге келіпті.

Сосо Павлиашвили, әнші: (Ресей)

- Сосо сізді жақында өткен мерейтойыңызбен құттықтаймын! Туған күніңізді жақындарыңыздың қасында емес, фанаттарыңыздың ортасында өнер әлемінде атап өткен едіңіз. Не себептен бұлай шештіңіз?

- Менің туған күніме келсек, 29 маусым негізі. Биыл төл мерекемді Түркия елінде қарсы алдым. 2 бірдей концерт беру үшін барған едім. Дегенмен жақындарым Грузиядан, Украинадан, Ресейден 20 шақты адам келіп құттықтап қайтты.

Сосоны отандық тыңдармандар Айқынмен бірігіп орындаған, дәл осы «Каждый день» бейнебаяны арқылы жақынырақ тани бастаған еді. Өнер иесі тіпті, Айқынның ұзақ жылдар жұрттан жасырған жұбайын алғаш ел алдына шығаруына себепкер де атанды.

Сосо Павлиашвили, әнші: (Ресей)

- Біз білуімізше сіз әнші Айқынмен дуэт құрып, бейнебаян түсірген едіңіз. Бұл коллаборация қалай пайда болды? Тарихын айтып берсеңіз?

- Бұл дуэт біздің ортақ досымыз Аслан Тілеубайдың арқасында пайда болды. Ол мені Айқынмен таныстырған еді. Айқын өте талантты жігіт. Мен оған ән ұсындым, ол да қарсы болмады.

-Сіз Айқынның жұбайын алғаш рет көпшілікке көрсетуіне себепкер болған едіңіз. Бұл рас па?

- Ия, ол рас. Мен көрерменге өміріміздегі ең бағалы дүниелерді көрсеткім келді. Себебі отбасы біздің барымыз.

-Естідіңіз бе, Айқын сол әйелімен ажырасып кеткенін?

- Ия, өкінішке орай бұл жаңалықты естідім. Бастысы, олардың ортақ балалары бар. Сол балапандар қиналмаса екен деймін. Сосо Айқынмен ғана емес, отандық шоу-бизнес өкілдерінің біразімен әріптестік қарым-қатынаста.

Алан Черкасов, әнші:

- Алан, Сосо Павлиашвили қаншалықты жақын араласасыздар?

- Алғашында біздің қарым-қатынасымыз тек өнердегі әріптестіктен бастау алған еді. Ал, бүгінгі таңда біздің достығымызға күмәнім жоқ.

-Сіз Сосо Павлиашвилиді құттықтадыңыз ба? 55 жас тойымен?

- Әрине, мен уақыттың айырмашылығына қарамастан, алғашқы болып ағамызды туған күнімен құттықтадым. Смс жолдадым, бірден жауап келгенде қатты қуандым.

Павлиашвили 55 жас мерейтойын әлі күнге дейін тойлауда. Гастрольдік сапарларынан қолы босамайтын өнер иесін отбасы ерешке видео - құттықтау жолдаса, ресейлік шоу-бизнес өкілдері «Новая волна» халықаралық музыкалық фестивалінде Сосоның репертуарындағы әндерді шырқап, шығармашылығына бас иді.

Сосо Павлиашвили, әнші: (Ресей)

-Сізді әйеліңіз бен қызыңыз ерекше құттықтап, көпшілікті таңқалдырды еді. Сол кезде алған әсеріңізді айтып берсеңіз?

- Менің қызым, балам мен жарым өте ерекше жандар. Туған күнім ғана емес, әр күнде тосын сый, әр күнім қуанышқа толы.

-Сізде әйеліңізбен жас ерекшеліктеріңізде айырмашылық бар. Қаншалықты сіздің отбасылық өмірлеріңізге әсер етеді?

- Біздің арамыз 16 жас. Мен өмірді енді түсіне бастаған кезім еді. Басында мен оны тәрбиеледім, одан Ира да мені көп нәрсеге үйрете бастады. Қарым-қатысымыздың мінсіздігіне осы 16 жас айырмашылық көмектеседі. Себебі менің жасым Ирамен қатар болса, мен баладай болатын едім әлі күнге дейін.

Сосомен азаматтық некеде тұратын жары Ирина Патлах өзінен 16 жас кіші.

Бүгінде 2 қыз тәрбиелеп отырған жұптың бақытты күн кешуіне жас айырмашылықтары еш кедергі емес.