Ринат Гайсин өзінен әлдеқайда жас Динаяның жүрегін қалай жаулады?

Сообщить о проблеме с эфиром

«Махаббаттың жас талғамайтынын» біздің шоу-бизнестегі талай жұлдызды жұптар да әлдеқашан дәлелдеп қойғанды. Сүйсең, сүйікті болсаң арадағы жас алшақтығына қатысты мәселе туындамайды дейді көпшілігі. Осыдан 10 жыл бұрын етегінен ұстаған ерінен Динара Сұлтан 17 жас кіші! Әнші тұңғыш қызын өмірге әкелген соң көп ұзамай бірінші күйеуімен ат құйрығын үзіседі. Сол сәтте қазіргі жары – Ерлан Қожасбаймен кездесіп, махаббат оты маздайды. Бизнесмен мен әнші он жыл бір шаңырақ астында тұрып, ортақ төрт сәби сүйгеннен соң ғана таяуда заңды некелерін қидырды.

Динара Сұлтан, әнші:

Негізі мен бұрындары айтпайтын едім. Бүкіл құпияны ашпай-ақ қояйын деп. Қазір енді не қалды, ешқандай құпия жоқ. Сый – ол менің балаларым, менің жан жарым! Олар әлі шаңырақ көтеріп, ресми некелесіп үлгерген жоқ. Бірақ, шығармашылық байланыстың махаббат дастанына айналығанын ашып айтпаса да, жоққа шығарған емес. Музыка табыстырған Ринат Гайсин мен Динаяның жас алшақтығы – 7 жыл!

Ринат Гайсин, композитор:

- Былай істейікші... Махаббат бір бөлек болсын, шығармашылық бір бөлек болсын, жеке өмір бір бөлек болсын. Мен ондай сұрақтарға жауап бере алмаймын да. Өйткені адамның өзінің жеке өмірі бар. 7 жыл күні кеше шаңырақ көтеріп, дүркіретіп той жасаған Луина мен Артемнің жас аралығы. 38-ге келген Айқыннан Жұлдыз Өмірғали 14 жас кіші. Құрбысы – Ақбота-Нұр болса, Дәуреннен 13 жыл кейін өмірге келген. 82-ге келіп, 37 жастағы Жадыра Сейдешті жар еткен Нұрғали Нүсіпжанов «жас талғамайтын махаббат иелерінің» көшін бастағаны анық. Олардың отау тіккендері елге тым оғаш көрінгені де дәл осы жас алшақтығына байланысты. Дегенмен, «ғашықтық тілі үнсіз тіл», сондықтан олар көзбен көрісіп, тілсіз-ақ ұғысып жүрген сыңайлы.