BILLBOARD 200 үздіктері!

Сообщить о проблеме с эфиром

Кіл мықтыларды анықтауда «Грэммимен» пара-пар Биллборд музыкалық басылымы үздік альбом иегерлерін анықтады. Еске салсақ, аталмыш чартта әлем бойынша ең тыңдалымы жоғары әншілер есімі ғана жарияланады.

Мәселен, бұл апта «Hollywood's Bleeding» жинағымен Post Malone көш бастап тұр. Ең қызығы, хип-хоп орындаушының аталмыш альбомы жуырда ғана жарияланған еді. Ал, туындыны әзірлеуде Холзи, Трэвис Скотт, Swae Lee сынды өнерпаздардың өзі қатысқан.

Ал, рок-ұжымдар арасынан «The Lumineers» ең мықты! Фолк-рок, инди-рок пен американа бағыттары арқылы таныған топтың «Deezer» әнжинағы көпке ұнап жатқандай. Бұл туынды, музыканттардың үшінші студиялық альбомы саналады. Ал, «The Lumineers»-тықтардың өзі, бірнеше рет Грэммиға үміткер атанған еді.

Тейлор Свифт те, тыңдалымы жоғары өнерпаз атағынан шет қалмады! Оның «Lover» альбомы бір аптаның ішінде 867 мың данамен таралса, бүгінде жинақтың сатылымы екі есеге өскен.