«Кішкентай қыздар махаббат үшін жаралған». Аңдамай сөйлеген Мәдина Сәдауақасоваға ірі денелі сахналастары неге ренжіді?

Сообщить о проблеме с эфиром

«Кішкентай әйел махаббат үшін жаралған» - дееп 1.58 см-мен махаббатқа шомылып жүрген сол.

Мадина Сәдуақасованың дәл осы посты көптің қызу талқысына түсті. Әншінің оқырмандары: «сонда, ірі денелі қыздар не үшін» деген сауалға жауап іздеді.

Бүркіт мырзаның шамдануы түсінікті. Себебі, келіншегі Аиша да бойшаң арулар қатарынан. Сондықтан, Мадинаның бұл жазбасын түбегейлі қалжыңға балады.

Бүркіт, әнші:

-Бойда тұрған ешнәрсесі жоқ. Махаббат болса болды ғой. Жігіт бойға да, түрге де қарамайды. Егер шын сезім пайда болса, ешнәрсе тоқтата алмайды.

Бойы аласа арулар болса, ірі денелі әріптестерінің қаһарынан жасқанғандай көрінді. Әйтеуір, Мадинаның жазбасын қалжыңға айналдырды.

Аша Матай, тележүргізуші:

- Жұмысқа арналған болар. Сондай бар негізінде орысша айтқанда «маленькие девочки для любви, а большие девочки для работы» деген сияқты.

Ал, Жұлдыз Өмірғали болса, арулардың сүйікті болуы үшін жаралғанына шүбә келтірмейді.

Жұлдыз Өмірғали, әнші:

- Мен әйелдерді бөліп жармаймын. Барлығы махаббат үшін жаралған әйелдер. Сондықтан, үлкені де, кішісі де барлығы махаббат үшін.

Жұлдыздың бұл сөздері өнердегі әпкесі, бойшаң бикеш Жеңіс Ысқақоваға балдай жақты.

Жеңіс Ысқақова, әнші:

- Бойы кішкентай қыздар махаббат үшін жаралған дейді. Енді кішкентай қызды алып жүру оңай ғой. Менің бойым 177, одан 20 см ұзынмын да. Мен махаббатты алып жүремін да.