«Ninety One» тобы бастаған кью-поп өкілдері фанаттарымен жүздесті!

Сообщить о проблеме с эфиром

EQ тобы:

-Алдында бір фанат бар, ұмытып қалдым қай жақта екенін. Тұрды- тұрды да бетімді сүйіп жалап алды ма, бірдеме болып кетті бар ғой. Біртүрлі екен, анандай. Енді ол кішкене ерсілеу. Ну по идее маған бәрібір. Негізі бізге өзіміздің тыңдармандарымыз риза болса, бізде ризамыз. Ну, бірақ бет сүйсендер хотя бы жаламаңдар.

Дәл осы сынды жанкүйерлерінің жанкешті, кейде тіпті шектен шыққан ерсі әрекеттеріне кью-поп өкілдері әбден бой үйреткен. Мойынына асылған қыздар да, кумирінің затын иемденіп қалуды көздеп тарпа бас салған жігіттер де кезіккенді. Кейде тіпті тұтқиылдап тап беретіндері де табылып жатады.

MadMen тобы:

-Бір рет біз қай қалада, Жезқазған қаласында. Бір рет біз өнер көрсетіп біткен кезде, біздің автобусқа бара жатқан кезде, бізден бұрын бір біздің Mad Wave артында отырды екен. Сөйтіп бәріміз кіріп қалған кезде автобустың ішінен. Жолдың жартысын жүргеннен кейін, артынан айқайлап ааааа деп шығып келеді. Сол қызық болды.

Кью-поп өкілдерін мұндай ессіз әрекеттер керісінше шабыттандырады. Оның үстіне, субмәдениетті дұрыс қалыптастыру үшін әрдайым жанкүйерлерімен жүздесіп, бір сәт тілдесіп тұру міндеттері. Сондықтан бүгін, «Ninety one», «MadMen», «EQ», Ziruza және Ayree бірігіп, тұңғыш рет фан-сайн өткізді.

Кумирлерімен жүздесуге асыққан табынушылар, сағаттап кезекте тұрса да, көңіл-күйлерін түсірген жоқ. Құдды дәл солай болуы керек сынды сабырлы.

Ninety One тобы:

-Осыған дейін әр түрлі фанаттар болды, әрине. Бірақ та, есі ауысқан немесе естен шығып кеткен деген сияқты, немесе құтырған немесе т.б деген сияқты айтуға болмайды. Иә, бірақ адам жалпы әр түрлі ғой. Сол сияқты фанаттар да адамдар ғой. Бізде адамдармыз, бәріміз әр түрлі боламыз, иә сол үшін әр түрлі фанаттар болды.

Айри мен Зируза табынушыларының ерсі қылығына ренжіген емес. Өнерпаз арулар ессіз тыңдармандарының әрекеттерін олардың махаббаты деп біледі.

Ayree & Ziruza:

-Концертты былай сахнада тұрған кезде жүгіріп келіп, құшақтаған кездер болды, иә. Кенеттен дейді ғой. Сондай кездер. Эмоция ғой. *Менің ойымша ол норма әзірге.

Ал, өздерін «Еaglez», «Mad Wave», «Loyals», «B.I.B» деп атаған табынушылар болса, кумирлерімен тілдесу мүмкіндігі жиі туа бермейтінін алға тартады.

-Очередьте күтуге дайынмын. Қанша уақыт керек болса, сонша күтіп, қолтаңбасын алып, олармен тілдесу үшін, тұра беруге дайынмын.

-Көшеде кетіп бара жатқанда, құшақтап амандасқам жүгіріп бас салып.

-Мен биастарымнан қолтаңба алу үшін, есікті бәлкім итеріп қатты кіріп кететін шығармын.Ерсі қылыққа жатады, енді мұндай мүмкіндік көп туа бермейді. Сондықтан пайданалып қалуға тырысамыз