BTS 7 «Грэммиден» дәмелі!

Сообщить о проблеме с эфиром

Оңтүстік корейлік BTS ұжымы келесі жылы 7 бірдей «Грэмми» иегері атануы бек мүмкін! Әйгілі топ осыншама аталым бойынша марапатқа қатысуға өтінім тапсырды. Олардың ішінде «Map of the Soul: Persona» жинағы «жыл альбомы», «үздік вокалды поп-альбом», ал «Boy with Luv» «жыл жазбасы», «жыл әні», «үздік дуэт орындау», «үздік видео» сынды жүлделерден дәмелі.

Ал, BTS-тық Jimin мен BLACKPINK-тық Jisoo-ны әлемге әйгілі «The Business of Fashion» басылымы «ең сәнді» шоу-бизнес өкілдері ретінде таныды. Еске салсақ, журнал жыл сайын стильді жұлдыздар есімін жариялайды. Кей-поп орыдаушылардың аталмыш тізімнен табылуы алғаш рет.

Monsta X тобы болса, камбэкке әзірленуде! Жеті жігіттен құралған ұжым, қашан сахнаға қайта оралатынын жариялады. Одан бөлек, мемберлер қазанның 7-сі күні «Follow - Find You» альбомының трек-тізімін ұсынса, 28-і жинақ тұтастай жарық көретінін жариялады! Қысқасы, Monbebe-ге сәл шыдауға тура келеді!