Жаңа трейлерлер!

Сообщить о проблеме с эфиром

Ал, кинокөрермендер болса, әйгілі Джокердің ғашығы жайлы фильмді асыға тосып жүрген еді. «DC Comics» студиясы көптен күткен «Жыртқыш құс» картинасының алғашқы трейлерін ұсынды.

Марго Робби басты ролді сомдайтын лента, «Бұзақылар жасағының» кейіпкері Харли Квинге арналған жеке картина. Су жаңа лента ессіз арудың сүйіктісі Джокермен айрылысқан сәттен бастау алмақ. Сюжет желісінде, бикеш баскесерлер командасын жасақтап, айналасындағы тыныштықты бұзады.

Арнольд Шварценеггер де үлкен экрандарға қайта оралмақ. Майталман актердің қатысуымен «Терминатор: Қара тағдыр» туындысының алтыншы бөлімі жарыққа шығуға әзір.

Атыс-шабысқа толы фильмнің жоба авторлары киборг роботтың жаңа хикаяларын таспалаған-ды. Бұл жолы лентада Арнидің орнына, Дани Рамос есімді батыр қыздың бастан кешкен оқиғасы баяндалады. Фантастикалық картина, қазан айының соңында отандық прокатқа жол тартады.

Райан Рейнольдс «Netflix»-тің жаңа жобаларында басты кейіпкер атанды. Актердің сомдауымен таспаланған «6 Underground»\6 фу́тов под землёй» фильмнің трейлері жарыққа шықты.

Америкалық режиссер Майкл Бэй түсірген боевик алты миллиардер жайлы. Картинада бақуатты бизнесмендер о дүниеге уақытша аттанып көреді. Мақсаттары – қылмыскерлерді әшкерелеу үшін белгісіз жанға айналу. Криминалды туындының тұсауы желтоқсан айында кесілмек.