Өнер үшін жан пида! Әнші Айша Байбосынова күздің қара суығында бейнебаяны үшін жалаңаштанды.

Сообщить о проблеме с эфиром

Таңғы сағат алты. Әнші Айша Байбосынованың командасы Шарын шатқалына енді жетті. Бұл жерде күрең күздің әдемі көрінісін пайдаланып, бейнебаян түсірмек.

20-ға жуық адамнан тұратын шығармашылық топ әртістің дайындығын күтуде. Тәулігіне бір жарым сағат қана ұйықтаған олар, бейнебаянға ерекше кадр іздеп әлек.

Айша Байбосынова, әнші

-Әдемі кадр үшін не істемейсің? Дала суық, бірақ қазір дала қызып тұр.

Күрең күзде жерге жатып, сыз топырақта жалаңаяқ жүрудегі басты мақсат – бәз-баяғы көрерменді таң қалдыру.

Қанатжан Мырзағалиев, қоюшы-оператор

- Қалада болатын оқиға, павильонда, декорацияда болатын оқиғадан көрермен кішкене жалыққан сияқты. Сондықтан табиғатқа көбірек шығу керек, креативно.

Әншінің өзі тоңып қалса да, жұмыстың уақытылы жүріп жатқанына дән риза!

Айша Байбосынова, әнші

- Өзі негізі ойлайды ғой әртістерді дайын нәрсеге келеді деп. Жоқ, олай емес. Мен өзім бүгін түңгі 1-де жаттым да, енді қобалжыдым ғой бейнебаян алдында. Екіде тұрып, переживать еткеннен 3-те жолға осында шығып кеттік.

Түсірілім жұмыстары тоқтай қалса, шығармашылық топ тамақтанып, 5-10 минут тынығып алады.

Тамақ ішетін жеріміз, вот мне пожалуйста, ресторан. Міне,мына жерде біздің тамақтар. Ең бастысы нан бар, нан болса ән де болады!

Жүрек жалғап, шығармашылық топ екінші локацияға ауысты. Оқиға желісі бойынша Айша өзге ғаламшарлық образында. Режиссер Дамир Тастембеков картинаны барынша шындыққа жанастыру үшін, әртістерді де әдейілеп таңдап алыпты.

Өнері үшін барын салып жүрген Айша Байбосынова, әр образын тыңғылықты әзірлеген. Бейнебаян түсіреміз деп бекінген күннен бері, еш тыным таппапты.

Әнші артынша екінші бейнеклипін түсірмек ниетте, бірақ оның жұмысы бүгінгіге қарағанда жеңіл болады деп үміттенеді.