«Coke & Музыка» фестивалі НТК арнасынан көрсетіледі.

Сообщить о проблеме с эфиром

Өткен сенбі Coca-Cola компаниясының ұйымдастыруымен, еліміздегі ең ауқымды «Coke & Музыка» фестивалі өткізілді! Отандық және ресейлік ең үздік орындаушылардың басын қосқан кешке НТК арнасы ақпараттық қолдау көрсеткен еді.

Еске салсақ, аталмыш концерт ұйымдастырылмас бұрын, тыңдармандар арасында сауалнама жүргізіліп, ең үздік әртістер концертке шақырту алған еді. Мәселен, музыкалы фестивальде жастардың сүйіктісіне арналған Moldanazar мен Limba ән шырқады!

Сондай-ақ, отандық орындаушылардан өзге Тима Белорусских, Hammali & Navai, Rauf & Faiк сынды арнайы шақыртылған ресейлік өнерпаздар да жанкүйерлерін әсем әуендерімен қуантты.

Ғалымжан Молданазар, музыкант:

-Бүгінгі өтіп жатқан іс-шара, жаңағы біздің әріптестеріміз. Менің плэйлистімде болмағанымен, жақсы қарым-қатынастамыз. Көрісіп, амандасып, жақсы көңіл күйді көтеріп қайттық. Одан кейін, сахна біздің көңіл-күйімізді көтереді.

Coca-Cola сусыны бұл күні, расымен барлығының көңіл-күйін көтере білді. Алматы аренаны лық толтырған 16000-нан астам жанкүйер, сүйікті кумирлерімен бірге қосыла ән салды!

The Limba, әнші:

- Соңғы кездері, барлығы гүл туралы ән шырқауда. Мысалы, сенде «Фиалка» болса, Тима Белларусскихте «Незабудка». Бұл немен байланысты?

– Байқасаңыз, биыл гүлдер трендте. Бірақ, мен тренд қуған жоқпын. Бар болғаны, шабытым солай келді.

– Бүгін, біраз әріптестеріңмен бір сахнаны бөлістің. Соның ішінен кімді көргеніңе қуаныштысың?

- Әрине барлығын. Ал, Rauf & Faiк, Hammali & Navai менің достарым дер едім.

Қысқасы, ауқымды фестиваль естен кетпестей өтті! Ал, егер сіз «Coke & Музыка» кешіне келе алмай қалған болсаңыз, еш мойымаңыз! НТК бұл концертті қайта тамашалауға мүмкіндік береді.

«Coke & Музыка» фестивалінің теленұсқасы НТК арнасынан 5 қазан күні, сағат 15.00 -де көрсетілмек! Қапы қалмаңыз!