Шоу Ирины Кайратовны «iТunes»-тің үздігі!

Сообщить о проблеме с эфиром

Қазақстандық тыңдармандар «iТunes» чартының үздіктерін анықтады! Ең танымал музыкалық плафтормада, бірнеше апта қатарынан көш бастау – Шоу Ирины Кайратовны командасына бұйырды.

Дәл осы рэперлердің әрбір трегі жастар арасында хит екені сөзсіз. Атышулы ютуберлер соңғы «Джай» туындысымен аталмыш чарттың бірінші сатысында. Бір апта бұрын жарық көрген ән, Хиросимамен бірге шырқалған-ды.

Осылайша кезекті дуэттерін жазған музыканттар, «Джай» трегіне арналған бейнебаянда қаланың күйбең тіршілігін көрсеткен. Клип тіпті YouTube желісінің трендтер қатарына да енген.

ТМД-да кеңінен танылған әзірбайжандық әнші JONY-дың «Комета» композициясы да көптің көңілінен шығуда. 23 жастағы музыканттың шын есімі - Джахид Гусейнли. Ғаламтор әлемінде «Аллея» трегімен жұлдыз атанған өнерпаз Мәскеуде өскен.

Жас әнші кәсіби музыкант болмаса да, талай тыңдарманның жүрегін жаулай алды. Тіпті, шығармашылығына әкесінің қарсы болғанына қарамастан, ол үлкен сахнаны бағындыруға бел буды.

Тағы да шоу Ирина Кайратовны! Рэперлер «iТunes»-тің үштігін өздерінің «Не әңгіме?» трегімен түйіндейді. Бұл әнді олар «Junior» лақап атына ауысқан «Ghetto Dogs»-пен бірігіп орындаған. Туынды 2 ай бұрын жарыққа шықса да, музыкалық чарттың үздіктері қатарынан түсер емес.