Рианнаның аяғы ауыр ма?

Сообщить о проблеме с эфиром

Батыстық таблоидтар жарыса жазып жатқан жаңалық Рианнаның мемуары ғана емес! Әнші тұңғыш рет – Араб шейхы Хассан Джамильмен көңіл қосып жүргенін ашық айтты. Бұған дейін де, қос ғашықтың араларында махаббат оты маздағаны жиі жазылып жүргенді. Тек, ол кезде Рири сүйіктісі жайлы жақ ашпайтын.
1,5 миллиард долларлық байлықтың иесі, автокөлік бизнесінің магнаты – Рианнаны бақытты ете алған. Ғашықтар балалы болуды армандайтынын да жасырмады.

Рианнамен жарыса Элтон Джон да ғұмырнамасының тұсауын кеспекші. Аңыз әнші мемуарында - Майкл Джексонға да бір тарау арнаған. Айтуынша, поп-музыка королінің психикалық ауытқуы болған. Тіпті, оның бір ортада отырып, еркін сөйлесе алмайтынбыз деп еске алады Элтон. Кішкентай балаларға тым құмар болатын, - дейді автор бұған қоса.

Майли Сайрустан ажырағанын білгенде, жүрегім қуаныштан жарыла жаздады. Лиам Хемсвордтың анасы, экс-келінін жақтырмайтынын жайып салды. Есесіне, ұлымен әуейі болып жүрген жас актрисаны құшақ жая қабылдауға әзір. Лиамның қазір Мэддисон Браунға көңілі ауған.