Юнусов Ратмир Тимурұлы! Тимати әке атанды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Тимати әке атанды! Әнішіге Анастасия Решетова атұстар сыйлады!

Бұл жаңалықты жас ата-ана инстаграм арқылы жариялап, дүйім жұрттан сүйінші сұрады. Ең қызығы, Тимати ұлына Ратмир есімін еншілеткен. Сірә, марқұм досы Ратмир Шишковтың құрметіне қойса керек.

Жақында ғана шаңырақ көтеріп, отағасы атанған Джастин Бибердің үстінен іс қозғалып жатыр. Серіні сотқа берген Роберт Барбер есімді фотограф! Арызында, Джастин Бибер өзінің түсірген суретін рұқсатсыз желіге жариялап жіберді деп шағымданған.

Джастиннің рұқсатынсыз оны таспаға тартып алып, дүйім жұртқа ғаламтор арқылы жариялағанын фотографтың өзі ескермепті. Деседе, «Фемида» өкілдері мәселені майшаммен қарап, таяуда бір шешім шығарады.

Джордж Клунидің балдызы да істі болып, үш аптаға темір торға тоғытылды. Амальдің сіңілісі мас күйінде рөлге отырып, тәртіп сақшыларына ұсталып қалған. Нәтижесінде, сот Тала Алламудинге ірі көлемде айыппұл жазып, төрт жылға көлік жүргізу құқығынан айырып, абақтыға тоғытты.