Отандық әншілер ақын Әбдірахман Асылбектің құрметіне ерекше форматтағы еске алу кешін ұйымдастырды!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Жар-жар», «Желтоқсан желі» сынды туындыларымен халыққа етене таныс, ақын Әбдірахман Асылбектің дүниеден өткеніне 1 жыл! Осыған орай, әншілер қауымы қаламгердің құрметіне ерекше кеш өткізді. Поэзия өкілінің өрнекті өлеңдері талай орындаушының репертуарында бар десек, артық болмас.

Медеу Арынбаев, әнші:

- Бүгін мен ойлаймын, бір үйдегідей, емін- еркін анау айтқан бір дүрсіл- дүрсіл ондай кеш болмайды. Бірінші рет жазушы- ақынның осы мекемеде еске алу кеші болайын деп жатыр. Емін- еркін болады. Рояль, гитара. Аса бір басқа..

Әдеттен тыс форматтағы бұл кештің ұйымдастырушысы - Медеу Арынбаев. Өнер өкілі, ақынның көзін көрген әріптестерін бір сахнаға жинауға барынша тырысқан.

Сырымтай Еңсепов, әнші:

-Енді ағамыздың өте маңызды ішкі философиясы күрделі әндерді жазатын еді. Сондай әндер қазір жетіспейді.

Шарада нью-скул әншілерге өз ренішін білдірген жалғыз Сырымтай емес! Мәселен, Ринат Гаисин тіпті кей жас орындаушылардың туындылары не жайында екенін түсінбеймін дейді.

Ринат Гайсин, сазгер:

- Қазіргі заманның өзінің бір бұрымы болар. Әр стилі басқа әннің, эстрада деген, шоу бизнес деген ол дамып кетіп жатқан кезде, сол кезде мәтінге бір басқаша қарайды да біздің жастар.

«Одан бөлек, бүгінгі әртістер өз әндерінің авторы атануда. Бұл тенденция да жеңіл-желпі туындылардың көбеюіне себепкер болуда» - дейді олар.

Бейбіт Көшқалиев, әнші:

- Жеңіл әндерге жол ашылып кеткен. Жалпы енді әр маман өз ісімен айналысқан дұрыс. Мен де жаза аламын отырып, 3- 4 сөз құрап, бірақ жеңіл сөздерден. Бірақ, жалпы әніңнің ғұмыры ұзын болуы үшін, ұзақ болуы үшін мамандарға жүгінген дұрыс.

«Шымшық сойса да, қасапшы сойсын» ұстанымындағы Көшқалиев, өз үндеуі жас әншілердің құлағына жетсе екен дейді.