K-pop жұлдызы Гу Ха Раның өз-өзіне қол жұмсанғаны рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

K-pop әлемі соңғы кездері жағымсыз жаңалықтан арыла алмай келеді. Күні кеше корейлік танымал әнші, әрі актриса Ха Ра-ның көз жұмғаны белігілі болды. «Variety» басылымының мәліметінше жұлдыздың денесі Сеулдегі үйінде табылған.

Гу Ха Ра корейлік «Кара» гелзбендінде 2008-ші жылдан бастап өнер көрсетіп танылған-ды. 2016-да жеке әншілікке бет бұрған бикеш, топпен біржолата қош айтысып, телехикаяларда бой көрсетеді.

Бұған дейін, к-pop жұлдызы психологиялық күйзеліске ұшырағанын айтып, жұрт назарына іліккені мәлім. Осындан жарты жыл бұрын, өз-өзіне қол жұмсамақ болған Гу Ха Ра, арнайы орталықта емделген болатын. Сол уақыттан бері, әнші жеке менеджерлерінің қарауында болыпты.

Ха Ра-ның өз-өзіне қол жұмсауына хейтерлердің шабуылы мен экс-сүйіктісі Чхве Чжон Боммен арадағы келіспеушіліктер әсер етсе керек. Себебі, ару бұрынғы ғашығымен бір жылдан бері соттасып келе жатқанды. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, Ха Ра суицидтен көз жұмған.