ЕРЛЕР ОТАСЫ

Сообщить о проблеме с эфиром

Сұлулық – құрбандықты талап етеді. Бірақ бүгінде бұл қағиданы қыздар қауымы ғана ұстанбайды. Жігіттер де жең сыбана келбетті көрінуге тырысып-ақ жүр. Мәселен, әнші Әміре бет-әлпеті үшін алаңдаулы. Кейбір кемшіліктерін ота арқылы бір жола арылғысы келеді.

Әміре, әнші:

Менің мұрным екі рет сынған. Мұрным қисық. Басым жарылған екі үш рет. Біз өнер жолында болғаннан кейін, өз өзіме қарап қалғанбыз оны дұрыс жағынан түсіну керек.

Ал, Сәкен Майғазиев мінсіз көріну үшін пышаққа жататын ерлер қауымын мүлде түсіне алмайды екен. «Құдай берген кескінді өзгертудің не керегі бар?» деген әнші, опа-далапты қойып, отаға жүгіретін жігіттердің жиілеп кеткенін айтады.

Сәкен Майғазиев, әнші:

Ол да бір ата-ананың баласы. Ол да бір өтпелі кезең шығар деп өз өзімізді жұбатамыз. Ал бір енді керісінше солар антижарнама үшін, пиар үшін өкінішке орай өздерін сондай төмен дәрежеге, белден төмен дәрежеге түсіріп жатқаны өкінішті.

Ал Меруерт Түсіпбаева болса, ота жасататын ерлерді қос қолдап қолдайтын әртістердің қатарынан болып шықты. Әншінің айтуынша, сұлу келбет ешқашан сәннен шықпақ емес екен. «Өзіңді күтіп жүргеннің еш әбестігі жоқ» дейді Меруерт.

Меруерт Түсіпбаева, әнші:

мен екі аяқ-қолыммен ЗА-мын. Өйткені эстетика деген болады. Мен бір күні бір адамды көрдім кафеде. Мына жері түсіп кетіпті ер азаматтың. Содан мына екеуі түсіпті да, көзі былай сығырайып... Сіз өзіңіз ойлаңызшы, ол медициналық тұрғыда дұрыс па?

Отаға бірі асқан мұқтаждықтан жүгінсе, бірі оны кескін-келбетін көңілдегідей етіп өзгерту үшін жасатады. Десе де, қалтасы көтерген кісінің қалпын қалтқысыз қылуға қашаннан құштар келері белгілі...