Дженнифер Лоуренс тұрмысқа шықты!

Сообщить о проблеме с эфиром

Дженнифер Лоуренстің тойы әлі де жалғасын табуда. Актрисаның ең алғашқы «Hen party» -ына жақын құрбылары келе алмай қалған көрінеді. Бірақ, бұған еңсесі түскен Дженнифер жоқ. Ол достарының басын тағы бір мәрте қосып, шулы барда өзінің бейқам өмірімен қоштасқанын қайтадан атап өтті. Айтулы кешке ең бірінші болып: Эми Шумер мен Фиби Уоллен-Бридж келген.

Селена Гомездың соңынан ерген алып-қашпа әңгіме түгеспей-ақ қойды. Жақында денесіне жаңа сурет салдырған әнші жанкүйерлері тарапынан үлкен сынға ұшырап, жағымсыз пікірлердің астында қалған. Жазғырған жұрттың айтуынша, Селена тура Джастиннің денесіндегідей сурет салдырған. «Гомез Биберлер әулетін енді тыныш қалдырып, өз жөнімен жүрсе екен» дейді табынушылар.

Виктория Бекхам таңғалдыруын тоқтатар емес. 45 жастағы Британдық дизайнер дәл сұқбат барысында аяғын көкке көтеріп, әлі де болса тың пошымда екенін аңғартты. Бұны көрген көрермен таңданысын жасыра алмай, ұзақ уақыт қошемет көрсетті. Ал Викторияның өзі болса, түр берместен әңгімені әрі қарай жалғап алып кетті.