Billboard-тің үздік музыканты кім?

Сообщить о проблеме с эфиром

Әлемнің ең беделді музыкалы «Billboard» басылымы тыңдалымы жағынан топ жарған тректер тізімін ұсынды! Осы апта бұл көшке Maroon 5 қосылып отыр. Танымал ұжымның жуырда ғана жарық көрген «Memories» атты трегі көпке ұнап жатса керек.

Туынды 2017 жылы дүниеден өткен Maroon 5 тобының менеджеріне арналады. Тыңдарманның жүрегін елжіреткен видео бір дубльмен таспаланған. Ондағы жалғыз кейіпкер – ұжымның вокалисті Адам Левин.

Ал, Селена Гомездің сәтсіз махаббат хикаясы әлі де көпке қызық болып жатқандай! Әншінің сүйіктісі Джастин туралы «Lose You to Love Me» трегі сөзсіз хит! Бүгінде ол, әлем бойынша радиолардан жиі шырқалуда.

Алайда, Селенаның әнге қосқан түрлі айыптаулары Джастин Бибердің көңілін түсірмек емес! Хейлимен отау құрған сері, өз шығармашылығын қолға алмақ ниетте. Мәселен, оның Dan + Shay-мен қосыла шырқаған «10.000 Hours» трегі де Биллбордың тізімінен табылды.