Лайктан қағылдық! Инстаграм ұсынған жаңашылдықты өнер өкілдері қалай қабылдауда?

Сообщить о проблеме с эфиром

Кәмшат Жолдыбаеваның аталмыш әні енді актуалды емес! Осыған дейін «инстаграм» басшылығы кей елдің қолданушылары үшін, лайк саны көрсетілмейтінін айтқан еді. Көп ұзамай, жүйдегі бұл жаңашылдық Қазақстанға да жетіп отыр.

Айқын Төлепберген, әнші:

– Айқын инстаграмнан лайкты алып тастап жатыр.

- Цукербергке звандап сұрау керек, не болды деп.

- Негізі өнер адамдары лайкқа, қаралымға қатты қарайды ғой негізі.

- Байқасаңыздар қазір инстаграм дәуірі өтіп бара жатқан сияқты. Инстаграмға көбірек үлкен кісілер алып жатқан сияқты. Жастардың бәрі қазір «Tik-tok» «Like»-та жүр. Жаңа социальный сеть.

- Ал инстаграмда қанша адам қарайды?

- Жақсы сурет болса, 35 мың, 25 мың. Нашар сурет болса 5 мың сондай.

- Лайкқа өзің мән бересің бе?

- Бермейміз, дегенмен әрине лайкқа қарайсың. Бірақ лайкты алып тастағаны менің ойымша, инстаграмның бір жағынан біз енді өнер адамдары бізде енді лайк көп, просмотр көп, тепе-теңдік орнатқылары келеді. Себебі жай адамдар 5-6 подписчик адамдары бар адамдарға қызық емес та фото салған. Олар салады 5 лайк, біз саламыз 2 мың лайк. Сол несправедливостьті алып тастау үшін лайкты жойды деп ойлаймын.

Айқынның сөзінің жаны бар. Себебі, инстаграмдағы лайк санын жасыру – қолданушылар арасындағы бәсекелестікті жою үшін қолданылған шара. Одан бөлек, жаңа функцияның арқасында фолловерлер лүпіл санына емес, фотоның өзіне көбірек көңіл бөледі.

Мейірхан Шерниязов, актер:

-Қазір инстаграмды табыс көзі санайтын өнер адамдарына бір кері процесс жүріп жатыр. Ол – лайкты алып тастады. Білесің ғой?

- Ахааа.

- Көзқарасың.

- Маған лайкты алып тастасың, просмотрды алып тастасын бәрі бір. Шынымды айтсам мен сезбеймін оны. Себебі, мен осы уақытқа дейін лайкқа да қараған жоқпын, просмотрға да қараған жоқпын.

- Неге?

- Өйткені мен неден білемін де, даладағы, көшедегі адамдардың қарым-қатынасынан білем. Адамда 2-3 миллион подписчик болуы мүмкін, бірақ оны көшеде танымайды. Мойындау керек, ал біз деген тек инстаграм арқылы келгенжоқпыз ғой. НТК-да 2010-нан бастап жүрміз, «No comments» деген проекттен бастап.

- Жақсы. Табыс көзіне әсер етуі мүмкін ба? Лайктың есебі? Қанша адам лайк басады, қанша адам қарайды дегендей?

- Жо-жоқ статистика бар ғой. Аудиторияны қарауға болады, қай ел қай жерден екенін.

Қысқасы, лайктан қағылсақ та, ақшадан құр қалмаймыз дейді өнер өкілдері. Жарнаманы табыс көзіне айналдырғанғандар үшін инстаграмның бұл жаңалығы кері әсерін әсте тигізбейді екен. Оның себебі, инста жұлдыз Сабиркин түсіндіріп берді.

Сабира Жарасовна, вайнер:

-Былай қарасаң лайктың бір керегі не шынымен де? Ол тек қана адамдардың қызығушылығы болмаса, ой мынандай лайк жинадым деген сияқты. Бізде лайк, просмотры деген тек қана басқа халық көру үшін ғой. Ал, негізі арнайы статистика бөлімі бар. Ол статистиканы біз бәрібір де көрсете аламыз.