Әнші Тейлор Свифт актриса атанды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Тейлор Свифт сахнаның ғана емес, енді үлкен экран жұлдызы атанбақ! Әлемге әйгілі әнші «CATS» фильмінде басты ролді сомдайды. Мюзикл жанрында таспаланған тың туынды су жаңа трейлерін ұсынды.

Режиссер Том Купер таспалаған фэнтезиге Тейлордан өзге, Идрис Эльба мен Иэн МакКеллен сынды танымал голливудтың актерлары таңдалып алынған. Мысықтар туралы лента, 2020-шы жылдың басында көрерменге жол тартады.

«Жұлдызды айқас» фанаттарына кезекті бөлімін әзірлеуде. Франшизаның осымен 9-шы маусымы жарық көрмек. Фантастикаға толы фильм бұл жолы

өзге ғаламшарлық «Скайуокерлермен» ашық шайқасты баяндайды.

Соңғы трейлерін ұсынған авторлар, фильмнің жанры ерекше болады деп сендіруде. Су жаңа картина опера желісінде түсірілген. «Жұлдызды айқас 9» желтоқсанның 19-ы жарық көреді.

«Тақтар ойыны» телехикаясының жарық жұлдызы Питер Динклэйдж толықметрлі туындының басты кейіпкері атанды. «Эмми» марапатының «үздік актері» деп танылған сері, «Three Christs» атты психолиялық драмасын көрермен назарына ұсынбақ. «Торонто» кинофестивалінде көрсетілген лента, отандық прокатқа 2020 жылы шығады.