Опера және балет театрының әртістері онлайн дайындыққа кіріскен!

Сообщить о проблеме с эфиром

Әлемдік фэшн көрсетілімдерден кейін, балет әртістері де онлайн өнер көрсетуге кіріскен. Мәселен, Абай атындағы опера және балет театрының ұжымы да тікелей эфир арқылы бірнеше концерт беріп, талғамы биік көрерменнің көңілінен шыға алды. Жалпы, театр әртістері карантинді қалай өткізіп жатыр?

Зал толы көрермен, толассыз қошемет пен құшақ-құшақ гүл... Бұның бәрін Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының әртістеріне уақытша ұмыта тұруға тура келді. Өйткені кенеттен жарияланған карантин бұл ұжымның жоспарларын сәл аялдатып тастады.

Бірақ «төтенше жағдай екен» деп тосылып отырған әртісті таппайсыз. Театр ұжымы «Біз біргеміз» жобасы аясында жаттығуларын үйде жалғастырып, алда болатын қойылымдарына онлайн түрде дайындалып жатыр.

Театрдың жетекші балет солисі Азамат Асқаров, үйде жаттыққан оңай емесін алға тартады. Өйткені әр қимылды ұштау үшін, арнайы құрылғылар керек екен. «Десе де, балет ұжымының әр мүшесі, ауыртпалықтарға қарамастан жұмыстарын жалғасырып жатыр», - дейді ол.

Азамат Асқаров, жетекші балет солисі:

- Қазір біздің қоғам ғана емес, күллі әлем үлкен қиындықты бастан кешіріп жатыр. Балет жұмысы да уақытша тұралап тұр. Десе де жаттығуларымыздың бір күнін де өткізген кезіміз болмады. Ұжымның әр мүшесі тыңғылықты дайындалып жатыр. Оңай емес. Бірақ біз бәрін еңсереміз.

Актерлар ғана емес, опера және балет театрының музыканттары да үйде отырып-ақ, кезекті қойылымның дайындығына кіріскен. Осылайша, төрт қабырғаға қамалып, жаттығуын жалғастырған өнерпаздар елімізде тараған індетпен күресіп жатқан барша қызметкерлерге рақмет айтуды ұмытпады.