Скриптонит ерекше бейнебаян ұсынды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Скриптониттың соңғы туындысы қызу талқыға түсіп жатыр! ТМД-да танылмал рэпер есірткіге құмар жандар жайлы бейнебаян таспалады. Еске салсақ, «Колёса» атауына ие болған ерек туынды хип-хоп орындаушының «2004» альбомына енген.

Нашақорлық мәселесін көтеретін Әділ Жалеловтың тың туындысы көпшіліктің көңілінен шыққандай. Видео санаулы күннің ішінде-ақ 1 млн-нан астам қаралым жинады. Скрипптониттің өзі бұл композияция арқылы жастарға ақылымды жеткізгім келді дейді.

Скриптонит, рэпер:

– «Колёса» трегі көлік туралы емес. Ол зиянды дүниелерге тәуелділік жайында. Есірткіге құмар болудың салдарын көрсеткім келді. Адамдар оның арбауына қалай түсіп қалғанын байқамай қалады. Соның алдын алғым келді.

Жаңа бейнебаянына өзі режиссерлық еткен Скриптонит туындыны Медет Шаяхметовтың көмегімен таспалаған. +18 көрермендерге арналған клиптің шығуына нашақорлықтың статистикасы себеп болған. ТМД елдері бойынша зиянды әдет кесірінен жылына 400 мың адам көз жұматын көрінеді. Ал оның басым бөлігі 15-24 жас аралығында.

Скриптонит, рэпер:

- Лексикалық тұрғыда біздің өз ұстанымымыз, айтарымыз бар. Егер тректің музыкасын американдықтарға ұсқатып жасасақ, оның мәтінін өзімізге тән қылып, мағыналы еткіміз келеді.

Еске салсақ, бір апта бұрын «Apple Music» Скриптонит жайлы деректі фильмді жарыққа шығарған еді. 10 минуттық картина «2004» үнтаспасының шығу тарихын баяндайды.