Отандық өнер өкілдері Ұлы жеңістің 75 жылдығымен құттықтайды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Биыл Ұлы жеңіске 75 жыл! Осыған орай жұлдыздар қан майданда ерлік көрсеткен аталарын айтып, қайсарлығымен мақтанды. Олардың қатарында: Төреғали Төреәлі, Мәдина Сәдуақасова, Тұрсынбек Қабатов бар. Тіпті, танымалдар өткенді еске салып, сезімге ерік берді.

Инстаграмға үңілсеңіз, зұлматты кезеңде, батыр бабаларын еске алып, суреттерін желіге жүктеген жұлдыздарды жиі кездестіруге болады. Мәселен ұлы дала баласы Төреғали Төреәлінің атасы екі мәрте «Еңбек ері» медальімен марапатталған, Ұлы Отан соғысының ардагері екен.

Актриса Дина Тасболатова да соғыс алаңына 19 жасында аттанған атасын еске алды. Дина, батыр бабасының екі рет тұтқында болғанын, қала берді Ленинград түбегінде тайсалмай шайқасқанын айтады.

Тележүргізуші Динара Сәтжан да қан майданда ерлікпен шайқасқан атасының ерекше хикаясын баяндап, жұртты таңғалдырды. 35 жасында соғысқа аттанған Сәтжан Тоқановтан, 1942 жылдың тамызында қара қағаз келеді. Бірақ Тоқанов-тегі тек ауыр жараланған екен. Соған қарамастан Берлинге дейін жетіп, жеңіс туымен туған ауылға оралған.

Аталары соғысқа қатысқан шоу-бизнес өкілдері бұнымен түгесілмейді. Тұрсынбек Қабатов, Мәдина Сәдуақасова, Нұрлан Батыровтың да бабалары шайқас алаңында ерлік көрсеткен.