«Little Big» тобы жаңа рекорд орнатты!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Little Big»-тің жаңа бейнебаяны төрт күннің ішінде 14 миллионнан аса қаралым жинады! «Hypnodanser» клипінің сюжет желісі гипноздайтын бидің арқасында, казиноны тонаудан басталады. Топтың фронтмені Илья Прусикин қимылдағаннан, айналаның бәрі жым-жырт трансқа ене кетеді. Ал қалғандары сол уақытты пайдаланып қап-қап ақшаларды тиеп алып шығады. Аталмыш роликте стендап-комик Данила Поперечный мен тележүргізуші Александр Гудков та бой көрсеткен.

Күні кеше көптеген ел халықаралық «Аналар күнін» тойлады! Әсіресе шет елдік жұлдыздар өздерін өмірге әкелген ет жақынына, алғыстарын ерекше жеткізді. Мәселен Брюс Уиллис пен Деми Мурдың қызы Таллула, анасына жан сырын ақтарып, ренжіткен кездері үшін кешірім сұрап желіге пост жариялаған. Мерекемен құттықтағандардың қатарында Ресейлік әртістер де бар. Мысалы Александр Ревва жүрекжарды жазбасымен көп көңілін босатып жіберді. Алғыс айтқандардың қатарында, Наташа Королева, Ани Лорак, Екатерина Варнава да бар.

Желіде желікпе билерімен танылған Джанлука Вакки алғаш рет әке атанатынын айтып, жұрттан сүйінші сұрады! 10 мамыр күні сүйіктісі Шэрон Фонсекамен бірге жүктеген видеосын бастапқыда адамдар «Аналар күнімен» құттықтау ролигі ретінде қабылдап қалған екен. Бірақ жазбада, биші миллионер мен оның сүйіктісі 9 айдан кейін бөпелі болатынын айтады. Естеріңізге сала кетейік, Джанлука мен Шэрон 2018 жылдың жазынан бері бірге.