Джиган мен Оксананың қосылғаны рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Қайтадан бірге ме? Күні кеше Джиган, Оксана және ұлы Давидпен түскен суретін желіге жүктеп, жанкүйерлерін қуантып қойды. Фото астына «Happy» деп жазба қалдырғанына қарағанда, «Денис пен Самойолова қайтадан бірге ме?» деген ойға қаласыз. Бірақ инстасында тікелей эфирге шығып, аталмыш постқа пікір білдірген әншінің жары, ажырасу процессінің жүріп жатқанын айтты.

Наоми Кэмпбелл туған күніндегі ерекше кадрлармен бөлісті! 50-ді еңсерген сәнбике: «Бұл жасқа жетемін деп ойламадым. Махаббаттарыңыз үшін рақмет!», - деп инстаграмында жазба қалдырған. Үйқамақта меншікті мерекесін тойлаған супер-модель жүктеген суреттерге қарап, оның гүлге көмкеріліп қалғанын көруге болады. 16 жастан бері сән индустриясында жүрген Наомиды құттықтап жатқандар жетерлік.

Бірнеше күн бұрын Дженнифер Лопестің желіге жүктеген жаңа суреті, жанкүйерлер назарын елең еткізген еді. Жаттығумен айналысып жатқан Джей Ло айнаға қарап селфи жасайды, ал артқы фонда тұрпаты түсініксіз ер адам құдды тесіле қарап тұрғандай. Бірақ бәрі ел ойлағандай болмай шықты. Терезе тұрған аймақта әншінің күйеужігіті Алекстың карантин кезіндегі уақытша офисі бар екен. Родригес құпия жігітпен ноутбук арқылы байланысқа шыққан, сол уақытта Лопес суретке түсе бергенде, ол түшкіріп қалыпты.