Тәуекел Мүсілім, сыныптасы – Қайрат Нұртас жайлы мектептегі естеліктерімен бөлісті!

Сообщить о проблеме с эфиром

Біз де оқушы болғанбыз! Жұлдыздар жаппай желіде мектеп кезіндегі суреттерімен бөлісуде. Бірі бала шақтағы бұзықтығын айтып ұялса, енді бірі жақсы үлгерімімен мақтануда. Ал Тәуекел Мүсілім сыныптасы Қайрат Нұртасты кезінде әнші ретінде мойындамағанын жайып салды!

Соңғы қоңырау соғылып, әртіс біткен мектептегі ескі күнгі, ескірмейтін естеліктерімен бөлісіп жатыр. Мәселен, партадан жырақтағанына 10 жыл болған Әли Оқапов ұстаздарына алғысын айтып, желіде пост жариялаған.

Ал Еркін Нұржанов пен Ердос Қанаев 11 жыл бір партада отырған көрінеді. Қос өнерпаздың биыл түлек атанғанына 19 жыл толған.

Қайрат Нұртас пен Тәуекел Мүсілім де бірге оқыған екен. Бірақ Тәуекел, Қайрат сыныптасын әнші ретінде еш мойындамаған көрінеді.

Тәуекел Мүсілім, тележүргізуші:

-Қайрат ән айтып жүрген кезде мен аса бір, былай айтатын болсақ тек әнші ретінде қабылдамайтынмын. Жақсы оқыды деп айтпаймын. Әйтеуір орта деңгейдегі оқушы болды. Арасында төбелесіп те жүрдік. Бұзық та болатынбыз.

Ал Асылхан Төлеповпен қатар өскен Анар Батырхан, танымал актермен театр үйірмесіне де бірге барған екен.

Анар Батырхан, актриса:

-Себебі, біз Асылхан екеуміз бірінші сыныптан бастап бірге өстік. Бізді барлығы апалы-сіңілілер, егіздер деп айтатын. Біз өнер академиясына түспей тұрып, мектепте «Асыл мұра» театрына барып, актер болуды армандаған болатынбыз.

«Дарынды» балаларға арналған мектептің түлегі Рүстем Нұржігіт те, танымал сыныптастарын мақтан тұтады.

Рүстем Нұржігіт, әнші:

-Ақбота Керімбековамен бірге оқыдық. Өзі бір ер мінезді, жылдам болатын. Ешқашан, бір анау-мынау қалжыңды көтере алмайтын. Бір айтса соны орындау керек те. Сондай ер мінезді.