Әнші Анатолий Цой әйел адамның жұмыс істеуіне неге қарсы?

Сообщить о проблеме с эфиром

«Әйел адам жұмыс істемеуі керек!» Бұл - «MBand» тобының экс-солисі Анатолий Цойдың пікірі! Алайда, Айқын Төлепбергеннің жары мұндай оймен келіспейді. Айтуынша, күйеуінің табысы Жұлдыздың қажеттіліктеріне жетпейді екен!

Бүгінде өзінің өмірлік жарын іздестіріп жүрген Анатолий Цой, болашақ әйеліне ауыртпашылық түсіргісі келмейді екен. Сондықтан да, «MBand» тобының экс-әншісі: «сүйіктіме жұмыс істеткізбеймін», - дейді.

Дәл осылай ойын ашық айтып, сұхбат берген Цой, нәзік жандылардың қызмет етіп, табыс табуына қарсылығын білдірді. Анатолийдің айтуынша бұл әйелдердің құқығын шектеу емес, ақша табу сынды жауапкершіліктен босату екен.

Алайда Айқын Төлепбергеннің отбасы мұндай пікірмен келіспейді. Әншінің жары Жұлдыз жеке бизнесін ашып, шығармашылықпен де айналысып жүр. Өмірғали: «ақша жетпегендіктен соң жұмыс істеуге мәжбүрмін», - дейді.

Жұлдыз Өмірғали, әнші:

- Сахнаға мен бір, керемет әнші деп айта алмаймын. Ай сайын клип түсіретін, ондайға қазірге дайын емеспін. Мүмкін дайын шығармын, бірақ бір кісі дайын емес. Ол кісінің өзінің түсініп тұрған шығарсыздар кім екенін, ол кісі, бейнебаян түсіріп, ән жаздыртқан дұрыс деп ойлайды. Ал енді мен не істеймін, өзіме ақша тауып, өзім жұмсай алатындай, өзім ақшам ештеңкенге жетпейді.

Жұлдыз өнері арқылы қыруар табыс таба алмағандықтан, бизнесвумен атанған-ды. Оның үстіне, Төлепберген тегі ортақ ақшаны тек отбасының қажеттілігіне жұмсайтынын айтады.

Айқын Төлепберген, әнші:

- Үйдегі ақшаны ұстайтын мен ғой. Енді Жұлдыздың тапқаны өзіне ғой. В основом бюджет менде ғой. Мен ғой енді үйдің продюсері, бастығы.

Лидо да Анатолий Цойдың бұл пікірін қолдамайды. Еске салсақ, әншінің жары белгілі бизнесмен. Досалина ханым, қаржыдан қысылғандықтан емес, жан-жақты болу үшін жұмыс істегенді құп көреді.

Лидо, әнші:

- Мен балам мен қызыма аяғым ауыр кезде де жұмысымды тоқтатқан емеспін. Тіпті босана сала сахнада өнер көрсеттім, жаттығу залына да бардым. Үйде отыра алатын әйелдер қатарынан емеспін.

Фариза Ескермес те, тұрмысқа шыққан соң төрт қабырғаға қамалып, әлеуметтен мақұрым қалуды қаламайды. Оның үстіне, «JayRun» тобының экс-әншісі арулар заманға сай, әрдайым білімін жетілдіріп, дүниетанымын жұмыс арқылы кеңейтіп отыруы керек дейді.

Фариза Ескермес, «JayRun» тобының экс-әншісі:

-Жалпы қазір 21-ші ғасырдың адамы – ол тек қана бір жұмысты істеп қоймайды, егер де ақша көп тапқың келсе, танымал болғың келсе, жалпы өзің сондай энергия тұрғысынан өте күшті болу үшін, әр түрлі жұмыс істеу керек деп ойлаймын.

«Алайда, жұмыс істеу немесе істемеу - әр әйелдің өз таңадауы», - дейді Фариза.