Отандық киноиндустрияда мінсіз беделі үшін қатты алаңдайтын актриса кім?

Сообщить о проблеме с эфиром

Отандық кино әлемде данқ пен дақпырттан тысқары жүріп, беделін бесенеден ойлайтын актрислар жетерлік. Мәселен, қытымыр қылықтардан бойын аулақ ұстайтын Гүлназ Жоланова киногерлер арасында әрдайым сұраныста. Тіпті оған продюсерлер - Адамбаев пен Қоянбаевтың таласып қалғаны рас па?

Отандық киноиндустрияда беделі үшін алаңдамайтын актер жоқ шығар. Әсіресе актрисалар адымдарын аңдап басады. Мәселен қай киноны ашып қалсаңыз да, көлбең қағып жүретін Гүлназ Жоланованың әлі ел ерсі қылығын көрген емес. Сұранысқа ие актриса тіпті Қоянбаев пен Адамбаевтың туындыларына қатар түскен. Бірақ Гүлназдың өзі Ақан Сатаевтың фильмдерінде бой көрсетуді көксейтін көрінеді.

Гүлназ Жоланова, актриса:

-Қазіргі уақытта, бірінші деп, киноларының масштабына қарай, кинолардың деңгейіне қарай, ол Ақан Сатаев. Жұмысына қарай, киноларының қаншалықты сапалы деңгейіне қарай бірінші.

Ал өнер жолын телехикаяларға түсуден бастаған Дариға Бадықова болса, бүгінде талай толықметрде басты рөлді бермей жүр. Оның үлкен сұраныста болуының себебі: актриса өзіне берілген образды 100 пайыз шынайы орындап шығады және ол үшін бәріне де дайын.

Дариға Бадыкова, актриса:

- Өмірде темекі шекпейтінмін. Негізі ол сценарийде де болмады. Сосын деген Асқар, енді бұл обиженный қыз ғой. Бірдеңеге бұған әдет керек болды. Давай темекі шегесің деді. Менің темекіден жүрегім до того айнығаны, бір дубльда 8 штук темекі шектім. Cьемка дегенде темекі үшін площадькаға келгім келмей қалды.

Көптен көрінбей кетсе де, көрермен көңілінде қалған – Әсел Сағатова да сұранысқа ие актрисалар қатарында. Шығармашылығында ұзақ уақыт үзіліске кеткен ол, «ел мені ұмытып қала ма деп қорқамын» дейді.

Әсел Сағатова, актриса:

- Баланың тәрбиесімен қолым босамай жүрген кезде, мен басқа әлемде жүрдім. Киноға қайтып келсем, бәрі өзгеріп кеткен сияқты. Жаңа таланттар көбейген. Әрине қорқыныш болады.

Бұдан өзге Отандық кино индустрияда сұранысқа ие актрисалардың қатарында: Динара Бақтыбаева, Аружан Жазылбекова, Айнұр Ілиясова, Гүлнәр Сейілбаевалар бар.