Джаред Лето мен Валерия Кауфманның қарым-қатынасы жайлы жаңа ақпарат!

Сообщить о проблеме с эфиром

Инсайдерлер Джаред Лето мен Валерия Кауфманның қарым-қатынасы жайлы жаңа ақпаратпен бөлісті. Ресейлік сәнбике мен актердің махаббаты осыдан бес жыл бұрын белгілі болған еді. Бірақ неге екені, екеуі әлі сезімдерін құпияда ұстап келеді. «Олар бірден сөйлесіп кетпеді. Өйткені Валерияға уақыт керек-тін. Бүгінде олар бір шаңырақ астында тұрып жатыр», - дейді инсайдерлер.

Хайди Клумды желіде бодишеймингте айыптап жатқандар жетерлік! «America's Got Talent» байқауында әділ қазылар алқасында отырған Хайди, plus-size биші – Аманда ЛаКаунттың өнерін соңына дейін тамашаламай, қызыл батырманы баса салған. «Клумнан бұндайды күтпедім. Қалайша сырт келбетке қарап, адамды бағалауға болады? Оны жобадан алып тастау керек», - деп даурығып жатқандардың қарасы күн санап көбеюде. Ал Аманданың өзі бұл жайтты қалыпты қабылдағанын айтып сұқбат берген.

Ойнаймын деп от басты! Ксения Собчактың абайсыз айтқан әзілі үшін белгілі косметика бренді онымен іскерлік қарым-қатынасын тоқтатты. Даудың басы – әнші Стас Костюшкин «мені 8 жасымда зорлады. Енді бүгінде балаларым үшін алаңдаймын» деген сұқбатынан басталған. Ресейлік тележүргізуші «енді полицейлер ескертусіз ата алады» деген заңға қатысты «ары қарай не екен, қызық. Бәрімізді Костюшкин сияқты зорлай ма?» деп пікір білдірген. Осыдан кейін Ксенияны желіде жамандап, қаралап жатқандар жетерлік.