«Kesh YOU» тобы тарамапты! Атышулы гелзбенд су жаңа альбом жазуға кірісті!

Сообщить о проблеме с эфиром

Күні кеше Баян Мақсатқызы «Kesh YOU» тобын таратқаны туралы айтып, тыңдарманға жаға ұстатқан еді. Алайда гелзбендтің студияда су жаңа альбом жаздырып жатқаны белгілі болды. Әлде бұл он төрт жылдық тарихы бар ұжымның кетер алдындағы тартуы ма?

«Kesh YOU» тобы шығармашылығын қайта қолға алды. Гелзбенд 3 айлық үзілістен кейін студияда бас қосып, жаңа әндер жазуға кірісті. Еске салсақ, Баян Мақсатқызы таяуда ғана ұжымның жұмысын біраз уақытқа тоқтатып қойғанын айтып, көпшілікті таңқалдырған еді. Қыздардың айтуынша ол уақытша шешім екен.

«Kesh YOU» тобы:

- Біз сенген жоқпыз әрине, өйткені ондай жағдай болған күннің өзінде бізге хабардар ететін еді. Карантинге байланысты қазіргі індетке байланысты уақытша кішкене үзіліс алғанымыз рас. Сол туралы айтқан болатын. Енді Құдай сақтасын «Кешью» тобы тарамайды.

Үйде болсақ та, өнерімізді ұмытпадық дейді «Кешьюлік» қыздар. Ұжым мүшелері онлайн байланысып, қашықтан жаңа әндер жазған.

«Kesh YOU» тобы:

- Карантин уақтысында қазір міне қызу жұмыста жазылып жатқан бірнеше әніміздің дайындығы жүріп жатты. Әрқайсымыз әр жақта болсақ та, видеозвонокпен хабарласып сөйлесіп отырып бірге дайындалдық. Сүйтіп дайындығымызды жұмысқа салып жатырымз.

Бүгінде қызу жұмысқа кіріскен «Кешью» осылайша, жаңа құрамның дебютты альбомын жазып жатыр. Өнерпаздарға бұл мәселеде музыкалық продюсерлері Бағым Мұхитдинова жәрдемдесуде. Кіші Мақсатқызы қыздардың тректеріндегі бэк-вокалды өзі орындап шықпақ.

«Kesh YOU» тобы:

- Бұл альбомда түрлі-түрлі стиль жиналды десек те болады әндер әдеттегідей. Қызық альбом болайын деп тұр. Өйткені бір стильде, бір-біріне мүлдем ұқсамайтын әндер. Өзімізге де қызық болып жатыр.

Ал «Кешью» тобының үнтаспасы 1 айдың көлемінде дайын болмақ. Қыздар жинаққа енген әндердің біріне бейнебаян ұсынамыз деп отыр.