«Қайрат футбол клубы чемпион атанды!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Қайраттықтар» араға 16 жыл салып Қазақстан чемпионатында топ жарды! Алматылықтар бұл жетістігімен «Астананың» 6 жылға жалғасқан жеңісті сериясын бұзған еді. Ал маңызды сәтте Қайраттың Ордабасымен тартысты ойынын тамашалауға Ерке Есмаханның өзі арнайы келді. Карантиндегі шектеулерге қарамастан, әнші өзге фанатармен бірге сүйікті командасына жанкүйерлік етті. Тіпті, кейіннен ол футболшылармен бірге кешкі патиде бұл қуанышты айрықша атап өтті.

Балжан Бидаш болса, бұдан-былай басы бос екенін мәлім етті. Экс-Кешьюлік бикеш, біраздан бері жеке өміріне қатысты айтылып жүрген қауесеттерді растады. Жылдың басында сүйіктісінен тұрмысқа шығуға ұсыныс алған Бидашка тойдың ауылын түрлі сылтаумен алыстатып келген-ді. Ал, кеше сылқым жігітімен ат құйрығын үзіскенін, тіпті: «Уақытында өз адамым емес екенін түсінгеніме шүкір», - деп жазба қалдырып, қаңқу сөздерге нүкте қойды.

С.С.tay сүйіктісін тапты! Q-pop орындаушысы «Таптым сені» деп аталатын жаңа бейнебаянын ұсынды. Туынды іңкәр махаббат хикаясы жайында. Клипте С.С.tay-дың ғашығы рөлін вайнер әрі блогер НН-Нұрдәулет сомдаған. Образға ене білгеннен бе, Әйгерімнің жанкүйерлері бикештің таңдауы шынында да желі жұлдызына түсті деп топшылауда.