Абайдың 175 жылдығы тойлануда!

Сообщить о проблеме с эфиром

Жыл басында пандемияға байланысты еліміз ғана емес, жаһан жұртылығы да көптеген шараларын шегерген болатын. Әсіресе ұзақ күткен «Абайдың 175 жылдығы» тойланбастан тұралап қалған-ды. Бірақ соған қарамастан, карантин талаптары сәл жеңілдеп, айтулы мерекені еліміздің біраз аймақтары атап өтті.

Аз уақыт ішінде офлайн және онлайн форматты қосқанда 100-ге тарта шара өткізіліпті. Естеріңізде болса, өткен жылы Ләйлім-Шырақ есімді оқушы Абай өлеңдерін жатқа оқу эстафетасын президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған болатын. Оны түрлі танымалдар іліп әкетіп, трендке айналдырған-ды. Одан кейін, алғашқылардың бірі болып Ақтөбе, Алматы мен Астана қалалары ақын құрметіне концерттер өткізді. Абайдың 175 жылдығын атап өтуді мектеп оқушылары да бастап кеткен.

Оқушылар Абай өлеңдері мен қара сөздерін жатқа оқып, домбырада ойнап, білгендерін ортаға салды.

Қала берді жаңа заманның балалары, тикток түсіру арқылы ақынның шығармашылығын танытуды көздейді екен. «Өлең, кітап оқымайтын жастар әлеуметтік желі арқылы танымдарын кеңейтсін», - дейді олар.

Асық болатын және қашық болатын 5 істі білген балалар барынша шараны озық өткізуге тырысты. Тағы бір айта кететіні, мектеп барлық санитарлық талаптарды сақтаған. Мереке соңында олар ақын құрметіне аспанға шарлар ұшырды.