Карантинде әртістердің ганорары азайғаны рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Очоу кино саласында да, әншілікте де өз орнын тапқан санаулы әртістер қатарында еді. Алайда, жарты жылға созылған каратин өнерпазға деген сұранысты азайта түскен. Сондықтан да қаржыдан қысылған Олжас Абай бүгінде өнерден бөлек, өзге де жұмыстармен айлысуда.

Ochooou, әнші, актер:

- Мен осы уақытқа дейін де, карантинге дейін де, қолдан келгенше босамауға уақытымызды бос өткізбеуге тырыстық. Дегенмен шынымен де әсер етті енді. Әннен де бөлек, кинодан да бөлек тағы да жұмыстарым бар жеке басымның жұмыстары сол кішкене уақытты алып. Көңілімізді көтерді.

Тіпті, Олжас пандемия кезі әртістер қауымының гонорарына да әсер еткенін мойындайды.

Ochooou, әнші, актер:

- Өзгерістер болған шығар ия. Гонорардың өсіп түсуі енді тек қана карантинге байланысты емес, жұмыс жасағанға байланысты деп ойлаймын.

Дәл осылай қаламақсын азайтуға мәжбүр болған шоу-бизнес өкілдерінің бірі - Аян Бірбаев. Тойлар тоқтап, шаралар шегерілгендіктен, «Rin’Go» тобының мүшесі таңдау тұрмақ, кез-келген шақыртуға әзір.

Аян Бірбаев, «Rin’Go» тобының әншісі:

- Меніңше енді жұмыс азайған кезде гонорардың любой жерде жаңағы сұранысқа аз заттың бағасы да әрқашан да төмендейді. Сондықтан да гонорар болған бағада қымбаттап кетті деп айтуға болады, бірақ кішігірім түсті.

Кезінде түрлі патилер мен мерекелік кештер Алан Черкасовтың қатысуынсыз өтпеді десек, артық айтпаспыз! Десе де, бұл күндер шоуменнің көзінен бұлбұлдай ұшып, ғайып болғандай.

Алан Черкасов, шоумен:

– Жұмыс тоқтап қалды. Жобалар да ұсыныстар да азайды. Барлығы орнына келгенше күн көрудің амалын табуымыз қажет. Мәселен мен, шақырту түссе халықтың жағдайын ескере отырып, берген ганорарына өнер көрсете аламын.

Дәл осылай тығырыққа тап болған Алан: «Мұның барлығы уақытша», -деп өзі мен өнердегі әріптестерін жұбатпақ болды. Шоуменнің айтуынша, сәл шыдасақ, барлығы бәз-баяғыдай бұрынғы қалпына келмек.